• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Тамыз, 2020

“Кировец” тракторы аударылып, астында адам қалды...

268 рет
көрсетілді

Кеше Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданындағы Қарағаш ауылында жұмыс басында К-700 (Кировец) тракторы аударылып, астында қалған жүргізушісі ауыр жарақаттан қаза болды.

Трактор шөп маялап жатқан жердегі сүрлем сақтайтын ұзын ұрада жұмыс істеп жатқан. Қандай себеппен оның орға құлағаны әзірге белгісіз. Жапырылып қалған кабинадан 43 жастағы тракторшыны алып шыққанда оның жан тапсырғаны белгілі болады.

Қазір аталған факті Қылмыстық кодекстің «Еңбектi қорғау қағидаларын бұзуды» қарастыратын 156-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп, бірқатар қажетті сараптамалар жасалуда.