• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Тамыз, 2020

"Ленинский – Ертіс – Русская Поляна" автожолы белгіленген мерзімнен бұрын жөнделді

282 рет
көрсетілді

Қазақстанда республикалық маңызға ие автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осылайша мамандар "Ленинский – Ертіс – Русская Поляна" тасжолының Павлодар облысының Ақтоғай және Ертіс аудандарындағы 98-104, 129-144, 151-156, 216-226 шақырымдарында жөндеу жұмыстарын аяқтады. 

Жобаның бас мердігері –  "Гордорстрой" ӨСФ ЖШС. Жол киімі жоғарғы қабатының негізгі эксплуатациялық қасиеттерін қалпына келтіру үшін мамандар қиыршық тас пен мастикадан жасалған асфальт-бетоннан қорғаныс қабатын төседі.

Бұдан бөлек, жол учаскелерінде жол жиегін бекемдеу, демалыс алаңдарын, әжетханаларды жайластыру, автопавильондар мен елді мекендерге кіру жолдарының аумағын жөндеу, жолдардың қозғалыс бөлігін таңбалау сияқты жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолшылар жалпы ұзындығы 3,6 шақырымды құрайтын жолды жарықтандыру жұмыстарын орындап, жарықдиодты белгілерді орнатты.

Жұмыстар белгіленген мерзімнен бұрын аяқталып, қозғалыс жолдың толық бойында қамтамасыз етілді.