• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
01 Қараша, 2013

Қазақстан – Ұлыбритания: әріптестіктің жаңа белестері

225 рет
көрсетілді

Осы күндері бүкіл экономикалық қоғамдастықтың назарын Ұлыбритания өзіне аударуда. Лондонда Дүниежүзілік исламдық экономикалық форум өз жұмысын бастаса, оған 100-ден астам мемлекет қатысуда, деп хабарлады ҚР ИЖТМ-нің ақпарат басқармасы.

Қазақстан Президенті Нұрсұл­тан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, ДИЭФ-те Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев біздің елімізден өкілдік етуде.

Вице-премьер Қазақстанда исламдық қаржыландыруды дамыту және инвестициялық ахуал туралы сөз сөйледі. Ол өз сөзінде атап өткендей, Қазақстанда дәстүрлі қаржы жүйесінің дамуымен қатар, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, Орталық Азия және ТМД елдеріне бағдарланған өңірлік исламдық қаржыландыру орталығын құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Дәлірек айтқанда, Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейін исламдық қаржыландыруды дамытудың жол картасы әзір­лен­ді, басты әріптес – Ислам Даму банкімен 2013-2015 жыл­дарға арналған Елдік әріптестік стратегиясына қол қойылған, сондай-ақ, исламдық қаржылық институттардың қызметі үшін құ­қықтық негізді құрайтын заңна­малық база жетілдірілуде. Бұдан басқа, Қазақстан Қаржылық қыз­меттер жөніндегі ислам кеңесіне кіруді жоспарлайды және Ислам қаржыландыру нарықтары бойынша халықаралық ұйымға (IIFM) кіру мәселесін қарап жатыр.

Әсет Исекешев форумнан тыс бірнеше іскерлік кездесулер өткізді. Соның ішінде, Малайзия Премьер-министрі Наджиб Тун Абдул Разакпен және Ислам Даму банкінің Президенті доктор Мохаммед Әлимен кездесті.

Сондай-ақ, сапардың бірін­ші күні Әсет Исекешев ҚР ИЖТМ «KAZNEX INVEST» АҚ Қазақстан-Британия инвес­ти­циялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша ұйымдастырған дөңгелек үстел отырысына қатысты. Тараптар Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмерон шілде айында Қазақстанға келген кезде қол жеткізілген жаңа уағдаластықтардың қазіргі жай-күйін талқылады.

Соңғы жаңалықтар