• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қыркүйек, 2020

Қазақстан мен Ресей арасында ұшатын жолаушыларға қандай талап қойылады?

216 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Ресей Үкіметтерінің шешімдері бойынша 21 қыркүйектен бастап екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қалпына келтіруге рұқсат етілді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бастапқы кезеңде Нұр-Сұлтан – Мәскеу бағыты бойынша "Эйр Астана" және "Аэрофлот" әуе компаниялары аптасына бір рейстен орындайды.  

"Эйр Астана" әуекомпаниясы 26 қыркүйектен, "Аэрофлот" 27 қыркүйектен бастап әуе рейсін орындауды жоспарлап отыр.

Рейстер Қазақстан мен Ресейдің санитарлық-эпидемиологиялық нормаларын қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің талаптарына сәйкес Ресейден Қазақстанға келетін жолаушылар үшін бірқатар талап қойып отыр:

термометрия; сауалнама; алған сәттен бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19-ға тексерілгені туралы анықтама болған жағдайда – шектеусіз; анықтама болмаған жағдайда – келген жері бойынша ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру немесе 14 күнге үй карантині.