"Қызылорда – Алматы" бағытындағы Air Astana рейсі Шымкентке шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Туындаған төтенше жағдайға байланысты Air Astana әуе компаниясы түсініктеме берді.
"2020 жылғы 25 қыркүйекте Air Astana АҚ әуекомпаниясының тіркеу нөмірі Р4HA E290 әуе кемесі (Эмбраер-190)" Қызылорда – Алматы" бағыты бойынша KZR 986 рейсімен ұшып бара жатқанда диспетчерге техникалық себептермен Шымкент қаласының қосалқы әуеайлағына мәжбүрлі түрде қонғанын хабарлады. Ұшақ 17.51-де Шымкент қаласының әуежайына сәтті қонды. Әуе компаниясының алдын ала мәліметінше, түтін датчигі іске қосылған. Ұшу қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес әуе кемесінің командирі қосалқы әуе айлағына қону жөнінде шешім қабылдады", дейді әуе компанияның өкілі.
Шымкентке Air Astana инженерлік техникалық құрамы инспекция жасау үшін ұшып шықты. Жолаушыларды жеткізу ҚР заңнамасы бойынша тез арада шешіледі. Әзірге аталған деректер бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.