• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Теннис 03 Қараша, 2020

Astana Open турнирінің жеңімпазы – аустралиялық

115 рет
көрсетілді

Турнир директоры Атилла Рихтер марапаттау рәсімі кезін­де Кәсіпқой теннисшілер қауым­дастығы ұзақмерзімді ынтымақ­тастыққа үміттенетінін және Қазақ­стандағы турнирдің жоғары дең­гейде өткенін мәлімдеді. Сон­дай-ақ ол финалда өнер көрсе­тіп, тамаша ойыны үшін теннис­ші­лерге алғыс білдірді. Рихтер пандемия адам өміріне әлі де әсер етіп жатқанын, жаңа жағдайға бейім­делуге мәжбүр еткен ерекше жыл екенін атап өтті.

Атилла Рихтер көптеген тур­нир­дің тоқтатылғанын және кенет­тен келген өзгерістер  әдеттегі өмір­дің бір бөлігіне айналғанын өкініш­пен айтты. Ол ATP-ің батыл ше­шімінің нәтижесінде күнтіз­беде осы жылы қосымша 4 турнир, оның ішінде Нұр-Сұлтан қала­сын­дағы турнир қосылғанына да тоқталды.

– Қазақстан теннис федера­ция­сына, ең алдымен федерация президенті Болат Өтемұратовқа қазіргі жағдайға қарамастан, Қазақ­стан үшін алғашқы тарихи турнирді өткізуге мүмкіндік жасағаны үшін үлкен алғысымды білдіремін. Сіздің басшылығыңызбен, соңғы онжылдықта, қазақстандық тен­нис­тің дамуында үлкен серпіліс орын алды. Президент мырза, тенниске деген адалдығыңыз бен қолдауыңыз үшін көп рахмет. 6 апта бойы ұйымдастыру шараларына қатысқан ұжымға және әрбір атсалушыға рахмет, сіздердің еңбектеріңіз ақталып, жиналған қауым риза болды деп сенемін. Жа­рысқа қатысқан барлық ойын­шы­ларға ризамыз. Бұл жаңа турнир болды, алдын ала бол­жам жасап, қалай өтетінін дөп басып айту мүмкін емес еді. Барлы­ғы­ңызды келесі жылы Нұр-Сұлтан қаласында күтеміз», деді турнир директоры Атилла Рихтер.

25 қазан мен 1 қараша аралы­ғында еліміздің бас шаһарында өткен Astana Open-2020 турниріне әлемдік рейтингтің алғашқы жүз­дігіне енген 30-дан астам атақты теннисші бақ сынады. Атап айтар болсақ, франциялық Бенуа Пер (26) мен Адриан Маннарино (39), осы жарыстың тұңғыш жеңімпазы – Джон Миллман (43) қатысты. Сонымен қатар әлемдік ареналарда еліміздің намысын абыроймен қорғап жүрген Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Михаил Кукушкин (88), Александр Бублик (49), Дмитрий Попко (171), Тимо­фей Скатов (438), Денис Евсеев (373), Андрей Голубев (89) және Александр Недовесов (333) сынды теннисшілер де аталған жарыста бақ сынады.

Өкінішке қарай, өз жерімізде өткен жарыста бірде-бір спортшымыз үздіктер қатарынан көрі­не алмады. Жарыстың бірінші күнін­де бір емес, үш спортшымыз алғаш­қы айналымнан ары аса алмады. Дмитрий Попко әлемдік рей­тингте 90-орында тұрған молдо­валық Раду Алботтан, Тимо­фей Скатов финляндиялық Эмил Руусу­вуо­риден (84) жеңіліп қал­ды. Ал турнирдің 1/8 финалында әлемнің 28-ші, осы жарыстың бірінші ракеткасы саналған фран­ция­лық Бенуа Пэрді 2:1 (7:6, 6:7, 1:6) есебімен жарыс жолынан шығарып жіберген жерлесіміз Михаил Кукушкин ширек финалда финляндиялық Эмил Руусувуориге екі сетте 6:3, 6:1 нәтижесімен есе жі­берді. Бір жарыста екі бірдей жа­рыс қожайынын турнирден шыға­рып жіберген Руусувуори жартылай финалда франциялық Адриан Маннаринодан (36) айласын асыра алмады. Сондай-ақ Денис Евсеев пен Андрей Голубев жарыстың іріктеу кезеңінен өте алмағанын да айта кеткен жөн.

ATP сериясының Нұр-Сұлтанда өткен тұңғыш жарысының фи­на­­лына аустралиялық Джон Миллман мен франциялық Адриан Маннарино шықты. Екі сетке созылған бәсекеде аустралиялық теннисшінің мерейі үстем болды. Екі теннисші арасындағы кез­де­судің бірінші сеті аса тартыс­ты өтті. Есеп 5:5 болғанға дейін екеуі де өз мүмкіндіктерін тиімді пай­да­ланды. Тек соңғы екі доп қосу кезінде ептілік таныт­қан Милл­ман бірінші сетте 7:5 есебімен басымдық танытты.

Екінші сетте франциялық спортшы басымдықтың өз қолына алатын шығар деп ойлағанбыз. Бірақ Джон Миллман да өзінің оңай шағылатын жаңғақ емес еке­нін бірден  аңғартты. Екінші сетте қарсыласына бір ғана партияны берген Миллман кездесуді 6:1 нәти­­же­­сімен түйіндеді. Осылайша, Джон Миллман Astana Open тур­нир­ін­дегі жеңісі үшін ATP рейтин­гінде 250 ұпаймен 13 мың доллар еншіледі. Аустралиялық теннис­ші матчтан соң қарсыла­сына, Қазақстан теннис федера­ция­­сына алғысын білдіріп, қыс­қа мерзімде турнирді жоғары дең­гей­де ұйымдастырған ұжымға жылы лебізін білдірді.

– Бұл – мен жеңіп алған АТР 250 санатындағы турнирдің алғашқы бас жүлдесі. Бұл жарыстың орны ерекше. Өйткені Нұр-Сұлтанда карьерамда үлкен табысқа қол жеткіздім. Адрианға көрсеткен тамаша ойыны үшін рахмет айтамын. Матч оңай болған жоқ. Сен  мықты қарсылассың. Сенімен кортта шеберлік байқасу оңай емес екенін білдім, – деді Джон Миллман.

Айта кетейік, Қазақстан Тен­нис федерациясы жыл сайын 50-ге жуық халықаралық турнир өткізеді, олардың қатарында Пре­зидент кубогы мен Дэвис кубогы бар. Биыл елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған АТР 250 әлемдік туры жылына 40 рет өтетін. Алайда пандемияға байланысты осы маусымда оның тек 17-сі ғана өтті.

Нұр-Сұлтандағы турнир мау­сым­дағы соңғы жарыс және АТР рейтингінде осы жылдың соңғы 250 ұпайын алу мүмкіндігін ұсынды. Турнирдің жүлде қоры 275 000 долларды құрады. Қауіпсіздікті қам­тамасыз ету үшін Astana Open көрерменсіз өтті. Жұптық сын­да аустралиялық жұп Макс Пер­селл мен Люк Сэвиллді жеңген Бель­гия өкілдері Йоран Флиген мен  Сандер Жилле жеңіске жетті.