11-13 қарашасы аралығында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен және “Қазмедиа Орталығының” қатысуымен "Astanа Media Week" IV медиаапталығы қашықтық режимде өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медиаапталық төртінші жыл қатарынан әлемнің түпкір-түпкірінен жетекші сарапшыларды дәстүрлі түрде жинап келеді және өзекті тақырыптар талқыланады. Осы жылы ұйымдастырушылардың назары медиасаланың алдағы уақыттағы жұмыс бағытын құруға ауып отыр.