Кәсіпқой боксшылардың статистикасын жүргізетін BoxRec интернет басылымы боксшылардың салмақ дәрежесінен тыс (P4P) рейтингін жариялады.
Әйгілі басылымның өткен айдағы рейтингінде көш бастаған мексикалық Сауль «Канело» Альварес бұл жолы үздік ондықтың тізімінен шығып қалды. Сөйтіп бірінші орынға британиялық Тайсон Фьюри көтерілді. Екінші орынға америкалық Эррол Спенс жайғасса, үздік үштікті отандасымыз Геннадий Головкин түйіндеді.
Рейтингтің кейінгі орындарына Деонтей Уайлдер (АҚШ), Теренс Кроуфорд (АҚШ), Энтони Джошуа (Ұлыбритания), Мэнни Пакьяо (Филиппин), Александр Поветкин (Ресей), Сергей Ковалев (Ресей) және Шон Портер (АҚШ) орналасқан.