Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:1. Қоса беріліп отырған жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Кадр қызметі басқармасы:1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар басшыларына жүктелсін.4. Осы бұйрық 2013 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.Министр М.ҚҰЛ-МҰХАММЕД.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы №211 бұйрығымен бекітілген
Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі№р/с Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің атауы1. Жеке іс иесінің суреті бар және жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері2. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)3. Тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстыру туралы мәліметтер4. Тегінің, атының транскрипциясы5. Қолтаңба 6. Тууы туралы деректер: туған күнi, айы, жылы, туған жері7. Нәсілдік және ұлттық тиесілігі8. Жынысы9. Отбасылық жағдайы туралы мәліметтер (некеде тұруы, неке қию немесе некені бұзу туралы куәліктің деректері, ерлі-зайыптының тегі, аты, әкесінің аты, ерлі-зайыптының жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері, асыранды, отбасының басқа мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты, туыстық дәрежесі, балалардың бар болуы және олардың жасы)10. Бала асырап алуы туралы мәліметтер11. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері: құжаттың атауы, құжаттың нөмірі, құжаттың берілген күні, құжаттың қолдану мерзімі, құжатты берген орган12. Жеке басын куәландыратын құжаттың жарамсыздығы, жоғалуы, жойылуының себептері туралы мәліметтер13. Азаматтылығы туралы мәліметтер: азаматтылығы (бұрынғы азаматтылығы), Қазақстан Республикасы азаматтылығын алған күні, Қазақстан Республикасы азаматтылығын жоғалтқан күні, Қазақстан Республикасы азаматтылығын жоғалту себебі, Қазақстан Республикасы азаматтылығын қайта алу күні, Қазақстан Республикасы азаматтылығын қайта алу себебі14. Ағымдағы уақыттағы еңбек қызметі туралымәліметтер: (мекеме және оның атауы, құрылымдық бөлімі, лауазымы толық көрсетілген еңбек қызметі туралы деректер, жалпы және үздіксіз еңбек өтілі, мекенжайы мен телефондары, сонымен қатар бұрын атқарған лауазымының толық атауы көрсетілген басқа мекемелердің деректемелері және осы мекемелердегі жұмыс уақыты) 15. Тұрғылықты мекенжайы, тұратын жері немесе келген жері бойынша бойынша тіркелу күні16. Электронды поштаның мекенжайы17. Байланыс телефонының нөмірі 18. Жұмыс орнының (оқуының) атауы және заңды мекенжайы19. Мінездеме20. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) 21. Еңбек кітапшаларының нөмірі, сериясы, күні және ондағы жазбалар22. Портреттік бейнесі (сандық фото)23. Жеке құрам және ондағы материалдарға байланысты өкімдердің түпнұсқасы мен көшірмесінде көрсетілген мәліметтер24. Мемлекеттік және ведомстволық наградалар, құрмет және әлеуметтік атақтар, көтермелеу (награданың атауы немесе аталуы, атақ немесе көтермелеу, наградтау туралы нормативті актінің түрі және күні, немесе көтермелеу күні) туралы мәліметтер25. Аттестациялау жөніндегі материалдар26. Ішкі қызметтік тексеру бойынша материалдар27. Ауыруының жоқтығы жөнінде бекітілген формадағы медициналық қорытынды28. Уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы мәлімет29. Енімді басқаруға берілген мүлік туралы мәліметтер30. Білімі, біліктілігі және арнайы білімінің бар болуы немесе арнайы дайындықтары туралы мәліметтер (білім беретін мекемелерді бітіргені туралы дипломның, куәліктің, аттестаттың немесе басқа құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні, сонымен қатар білім беретін мекеменің атауы және орналасқан жері, факультеті немесе бөлімшесі, білім беретін мекемені бітіргеннен кейінгі біліктілігі және мамандығы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы шет тілдерін білуі)31. Біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтер (білім беретін мекеменің атауы және орналасқан жері, біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттың берілген күні, нөмірі, сериясы, білім беретін мекемені бітіргеннен кейінгі біліктілігі және мамандығы)32. Жалақысы туралы мәліметтер: жалақы, үстемеақы, салық туралы мәліметтер33. Әскери қызметке шақыруға жататын, әскери міндетті тұлғаларды әскери есепке алу туралы мәліметтер (әскери билетті берген органның атауы, берілген күні, нөмірі, сериясы, әскери-есепке алу мамандығы, әскери атағы, есепке алу/шығару туралы деректер)34. Соттылығының болуы (болмауы) 35. Әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәліметтер36. Банктің карточкалық базасында шотының бар екені туралы мәліметтер37. Азаматтық-құқықтық шарттардың, қызметтік келісім-шарттардың мазмұны және деректемелері38. Әлеуметтік жеңілдіктер және әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтер (жеңілдіктер мен мәртебе беру үшін негіз болатын құжатты берген органның атауы, берілген күні, нөмірі, сериясы)
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 2 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8757 болып енгізілді.