«Көтермелеудің салалық жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі №111 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық нормативтік актілері туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес бұйырамын:«Көтермелеудің салалық жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі №111 бұйрығына (нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк тiзiмiнде №4651 болып тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында жарияланған, 2007 жыл, наурыз-сәуір) мынадай өзгерістер енгізілсін:кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:«Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабының 11) тармақшасына сәйкес бұйырамын:»;көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесінде:1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«1. Осы мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 11) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Көтермелеу) әзірленген.»;2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Кадр қызметі басқармасы:1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;2) осы бұйрықтың белгiленген тәртiппен ресми жариялануын;3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.Министр М.ҚҰЛ-МҰХАММЕД.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 29 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8858 болып енгізілді.