• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
17 Сәуір, 2010

БАСТАУЫШ ҰЙЫМ — БИІККЕ БАСТАУШЫ ҰЙЫМ

882 рет
көрсетілді

“Нұр Отан” партиясының көшбасшылық қызметін жандандырудың негізі бастауыш партия ұйымдары жұмысын әртараптандырып, іс жүйесін қалыптастыру болып табылады. Бұл бойынша партия іргетасы саналатын бастауыш ұйымдарды қолдаудың тиімділігі көп. “Нұр Отан” ХДП Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен бастауыш партия ұйымдары төрағаларының аймақтық форумында осы тиімділік тағы бір қырынан айғақталды. Форум жұмысы екі бағытта жүрді. Алғашқысы “Ремпассажирвагон” ЖШС-нің вагон құрастыру цехында жұмыс­шылармен жүздесуден басталды. Жолдау жауапкершілігі мен оның мақсаттары туралы кең көлемді әңгіме болды. 500-дей жұмысшы қатысқан жүздесуде пар­тия­ның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өлмесхан Болат­беков, темір ұстасы Нұрбек Мейірманов, слесарь Асхат Тоғызбаев, серіктестік директорының орынбасары Бақберген Дәуренбеков ой-пікірлерін ортаға салды. Ал, Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университет базасында “Бастауыш партия ұйымдарының саяси-қоғамдық жұмыстары­ның негізгі бағыттары мен үкіметтік емес ұйымдармен бірігіп жұмыстар жүр­гізуді жақсарту жолдары”, “Бастауыш пар­тия ұйымдарының еліміздің ин­дустрия­лық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі мен міндеттері” тақы­рып­тарында екі секциялық жұмыс жүргізілді. Мұнан кейін пленарлық мәжіліс басталды. Оны партияның облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Құбай­бергенов жүргізіп отырды. Мәжілісте баяндама жасағандар секциялық жұмыс­тың мәнін, бастауыш партия ұйымдары­ның рөлін арттыру мен имиджін көтеру жайын сөз етті. Сондай-ақ, форумның жеті ұсынысы қабылданды. Бұған дейін “Ең үздік бастауыш партия ұйымы” байқауы өткізілген бола­тын. Байқау жеңімпаздары алқалы жиын барысында бағалы сыйлықтар алды. Түстен кейін форумға қатысушылар өзара тәжірибе алмасты және үлгілі ұйымдар жұмысымен танысты. Еркін ӘБІЛ, Қызылорда.