Еліміздің Тұңғыш Президентінің саясаты әрбір халықтың қымбатты да қасиетті тілі, мәдениеті мен салт-дәстүрлерінің дамуына бағытталған. Сондай сарабдалдық нәтижесінде татулық пен тұрақтылық жөнінен біз әлемнің көптеген елдеріне үлгі болып отырмыз. «Біз бүкіл қазақстандықтардың басын біріктіретін басты фактор – мемлекеттік тіл – қазақтардың туған тілін дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» деген Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы сөздері бүгінгі өмірімізден шынайы көрініс тауып жатқандығына ерекше қуаныштымыз.
Еліміздің Тұңғыш Президентінің саясаты әрбір халықтың қымбатты да қасиетті тілі, мәдениеті мен салт-дәстүрлерінің дамуына бағытталған. Сондай сарабдалдық нәтижесінде татулық пен тұрақтылық жөнінен біз әлемнің көптеген елдеріне үлгі болып отырмыз. «Біз бүкіл қазақстандықтардың басын біріктіретін басты фактор – мемлекеттік тіл – қазақтардың туған тілін дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» деген Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы сөздері бүгінгі өмірімізден шынайы көрініс тауып жатқандығына ерекше қуаныштымыз.
Демек, мемлекеттің Ата Заңын сыйлайтын әрбір азамат ұлтына, тегіне қарамай, қазақша үйренуге, іс-қағаздарын жүргізуге міндетті. Адам тіл мәдениетін оқу-тәрбие арқылы саналы түрде үйренеді. Міне, осы білікті ұсынатын, тіл заңдылықтарын жүйелі түрде үйренетін орын – балабақша. Қазіргі уақытта балабақшамызда Қазақстандағы тілдерді қолдану мен дамытудың бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Барлық оқу-тәрбие жұмыстары, іс қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Педагогикалық кадрлар ұжымындағы және балалар арасындағы іс-шаралар ана тілінде айшықталады. Тәрбиешілеріміз шығармашылық ізденіспен жұмыс істеуде «Ана тілдің айбыны», «Тіл қадірі», «Шешендік сөздер», «Балалар әдебиеті», «Менің Отаным – Қазақстан» деген тақырыптар тәлім-тәрбиемізді тағылымды ете түсуде.
Бізді қаламызда қазақ балабақшалары, қатары жылдан-жылға көбейіп келе жатқаны қуантады. Тәуелсіздіктің арқасында көптеген орыс тілді және аралас балабақшалар таза қазақ балабақшалары болып өркен жаюда. Дүние есігін ашқан сәбидің шыр еткен дауысы қандай ғажап болса, оның балабақшаға келгеннен кейінгі пәк сезіммен, тәтті сөзімен Қазақстан Республикасының гимнін шырқап айтуының өзі сондай шексіз қуаныш емес пе. Осындай ғажапты оларға Нұрсұлтан аталары сыйлап отыр.
Ана тілімізді қастерлеп, қадірлеу парыз әрі міндет. Олай болса, ұлттық идеологиямызға басымдық беріп, бөтен тілдің көлеңкесінде қалдырмай, намысымызды ешкімнің табанына таптатпай Отанымыздың игілігіне айналуына бар күшімізді салайық, әріптестер дегім келеді. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақ елін бар жаһанға танытқан Елбасы тағылымы бізді осындай өрнекті өнегеге шақырады.
Бағдат БЕКЖАНОВА,
Бостандық ауданындағы №68 санаториялық-бөбекжай балабақшасының меңгерушісі.
АЛМАТЫ.
Мен бақыттымын!
Аз ғана жылдардың ішінде Қазақстанды дүниежүзіне танытқан, бұрын босағасынан да сығалатпайтын алпауыт еуропалық елдермен тереземізді теңгерген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың барлық жолдауларында біздің басты байлығымыз – адам, сондықтан да республика халқының орта жасын жетпіске жеткізуіміз керек дегенімен бәріңіз де таныс боларсыздар. Қазір менің жасым жетпіс емес, сексен екіден асты. Бұл күнде немереден шөбере сүйіп отырған қарт әжемін. Өткен ғасырдың алпыс екінші жылынан бастап партия, совет қызметкері болып, 1970 жылы Ойыл аудандық партия комитетінің хатшысы бола жүріп республикалық дәрежедегі зейнеткерлікке шықтым. Қазір Ақтөбе қаласының тұрғынымын. Біздің облысымызда менің құрдастарым мыңдап саналады. Қажет болса алды тоқсаннан асқан ағаларым мен жеңгелерім де жеткілікті. Сөзім дәлелді болу үшін солардың екі-үшеуін атап кетейін. Олар – биыл тоқсанның екеуіне шыққан жеңгем Суқашева Қалима, биыл тоқсан жасын тойлаған ойылдық Асқарова Бибі мен Шериязданова Мәриялар. Біздің бұлайша көп жасауымыз Ақтөбе облысы әлеуметтік-экономикалық даму жағынан республика бойынша алдыңғы бестіктің қатарында болуының, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруы мен жоғарғы дәрежелі хирург Қайрат Сабыр басқарып отырған ақ халатты абзал жандардың арқасы.
Елбасы тапсырмасы бойынша облыс көлемінде салынуға тиісті бес емхананың біреуі Ойыл ауданында, қалған төртеуі қалада салынып бітіп, пайдалануға берілген еді. Осы емханалардың бәрі де жиырма бірінші ғасырдың сырқаттарды анықтайтын, емдейтін техникаларымен түгел жабдықталған. Осы емханалардың бәрінің де дәм-тұзын татып, емделіп шығып жүр едім. Жас ұлғайып бойдан қуат азайған соң адам аурушаң бола ма, солар аздай-ақ, өтімде тас пайда болды. Кәрі денеге аурудың қай-қайсысы да жақсы емес қой. Өтімдегі тас екі күннің бірінде алып ұрып, тамақ ішуден, жүріп-тұрудан қалдым. Енді кәрі кісіге кім ота жасар деп күдер үзгенде, балаларым хабарлады ма, Қайрат Сабыр: – Апай, қорықпаңыз, тасты алып тастаймыз! – демесі бар ма...
Ақыры жаным қиналған соң қала сыртындағы облыстық емхананың жалпы ота жасау бөліміне жаттым. Қайрат Сабыр бастаған оташы Марат Жұмабаев ота жасап, өттегі тасты алыпты. Отадан кейін қолыма ұстатқанда қатты таңғалдым. Тас біреу екен десем, бұршақтың көлеміндей жетеу болып шықты. Қазір тастан құтылдым, денсаулығым жақсы, дәрігерлердің айтуымен диета сақтап жүрмін. Мың күнгі жұмақтан бір күнгі тірлік артық дегендей, өмірге анамнан жаңа туып келгендей болдым. Қайрат Сабырға, оның қарамағындағы оташыларға айтар алғысым шексіз.
Мен республикалық Денсаулық сақтау министрінен Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының халық үшін атқарып жатқан еңбектерін көпке жария етіп, олардың тәжірибесін ел көлеміне таратуды өтінер едім. Елбасымыздың қанатты қамқорлығына бөленген ардагер ретінде өзімді бақытты адам сезінемін. Бәріміздің басымыздан бақыт кетпесін.
Қарлыға КЕРЕЙҚЫЗЫ,
республикалық дәрежедегі зейнеткер.
АҚТӨБЕ.
Өркендеу, даму жолын салған
«...жалғыз жер байлығына сеніп қалуға болмайды.
Ең алдымен, ел байлығына сену керек.
Ел байлығы деген не? Ол – білім, ол – жаңа технология, ол – осы заманғы инфрақұрылым, ол – бәрінен бұрын отаншылдық сезім, қазақстандық патриотизм».
Н.Ә.НАЗАРБАЕВ.
Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Ғасырға бергісіз жиырма екі жылдың ішінде қазақ деген ұлтты, Қазақстан атты мемлекетті БҰҰ құрамындағы барлық мемлекет түгел мойындады, тәуелсіздігін таныды. Әлемнің 150-ден астам елімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Еліміз елдігі мен ерлігін көрсетті. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен Үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Тәуелсіздік аясында ел үшін жағымды жаңалықтар мен елеулі өзгерістер мол болғаны сөзсіз.
Ел Президентінің барлық қызметі, барлық әлеуметтік-экономикалық реформалар тек халық игілігі үшін жасалды. Осынау уақыт ішінде экономика, саясат, әлеуметтік және білім, ғылым салаларында орасан зор жетістіктерге қол жеткіздік, осылардың барлығы Н.Назарбаевтың еңбегімен тікелей байланысты. Бүкіл әлем кезінде Кеңес Одағында артта қалған мемлекеттің бірі саналған Қазақстанның қазір осыншама орасан табыстарға жеткеніне қайран қалады. Еліміздің жаһандық рейтингте әлемдік озық дамыған елдер ішінде 50-ші тұғырға көтерілуі бізге зор сенім мен жігер береді. Қазақстанда соңғы жылдардың өзінде қаншама оқу орындары, ауруханалар салынуда. Қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған қаншама әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асуда. Ел Президенті халықпен жиі кездесулер өткізіп, бұқараның қолдауы мен сенімі арқасында мемлекетіміздің тұрақтылығы және өркендеуіне қол жеткізді. Көшбасшы мемлекеттер қатарынан көріну бағытындағы тың идеялары мен бастамаларын жүзеге асырып келеді.
Бүгінгі таңда еліміздің табысты дамуын қамтамасыз ететін, әрбір азаматтың білімге деген сұранысы мен қызығушылығын қанағаттандыратын мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа өзара қарым-қатынас құру қажеттілігі туындады. Бұл бәсекеге қабілетті білім жүйесін құрудың басы болып саналады. Қазір елімізде сапалы білім беруге және оған қол жеткізуге барлық алғышарттар бар. Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Алға қарайтын кез келді. Іске кірісер кез келді. Ерік-жігерімізді танытатын кез келді. Өмірді өзгертетін кез келді». Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру жүйесі жаңғыртылып, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы осынау уақыт талабымен құрылды. Ұлттық орталықтың барлық филиалдары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жүргізіп отырған реформаның әлемдік даму тенденцияларының талаптарына сай біліктілікті арттырудың көпбағдарлы модульдік бағдарламаларын, оқу әдістемелік құралдар мен цифрлық форматтағы білім ресурстарын жасауға жұмылдырылуда.
Ұстаз деген мәртебелі мамандық иелерінің әлеуеті мен біліктілігін арттыра отырып, қоғамның дамуына, өркениет пен рухани мәдениеттің жоғары талабына сай еңбек жасалуда. Біз даму бағытындағы сатылы жолдармен жүріп, биік бір белесті бағындырдық, зор мүмкіндіктерге де ие болдық. Орталық жұмысының ғылыми және инновациялық бағыттылығының нәтижесінде атқарылып жатқан игі істер сан алуан. Институт ұжымы «Заманауи білім беру жүйесіне кірігу мақсатында оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу арқылы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін жоғары деңгейге көтеру» мәселесімен айналыса отырып, ұлттық білім беру моделін жаңғырту жағдайында біліктілікті арттырудың мазмұнын айқындап, кәсіби дамуын қамтамасыз етуде.
Өзгермелі өмір талабына сай жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады, қоғамдағы өзгерістер ұстаздардың кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етеді. Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Ұстаз негізі болмысынан жаңалыққа жаны құштар, жаршысы болуға тиісті жан. Ең бастысы – адам факторы: оның еркі, күш-жігері, табандылығы мен білімі. Олай болса, ғылым мен ақыл-ой бәсекесінің ғасырында ғылым мен техниканың озық үлгілерін меңгере отырып, Елбасының «Елімізге бойына ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой-өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет» деген биігінен көріне берейік.
Маржан ҒАЛЫМЖАНОВА,
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры.
Бүкіл әлем таниды
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының даму тарихы оның негізін құраушы және Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. 1991 жылдың 1 желтоқсаны – Қазақстан үшін маңызды күн. Сол күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның Президенті болып сайланды. Бұл жеңіс жоғары сенімнің белгісі және де Қазақстан халқының жауапты таңдауы болды. Сол себепті 1 желтоқсан еліміз тарихында мәңгіге қалады және біз қазір оны Тұңғыш Президент күні ретінде атап өтеміз.
10 желтоқсандағы Алматыдағы Республика сарайында өткен ұлықтау рәсімі кезінде Н.Назарбаев өзіне жүктелген Қазақстан Республикасының Президенті міндетін орындап, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепіл болуға, Қазақстан Республикасының Конституциясын қатаң сақтап, көпұлтты республика халқына адал қызмет етуге ант берді.
Біздің Президент – демократиялық қоғам идеясын негіздеуші. Міне, үшінші онжылдық, оның барлық күш-жігері азаматтардың жақсы өмір сүруі мен қоғамның нығаюына бағытталған. Нұрсұлтан Әбішұлының басшылығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты бағдарламалары жасалып, жүзеге асырылып келеді. Осының нәтижесінде бүгінде елімізді бүкіл әлем таниды.
Саяси ғылымдар докторы Бейбіт Исабаев: «...Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев есімін біреулер күшті және мықты басшымен байланыстырады, енді біреулер үшін – ол үнемі өз мақсаттарына жететін адам, енді біреулерге – сүйікті әке. Бірақ, бәрінен бұрын оның есімі өз елі мен халқының тағдырына жауапкершілікті өз мойнына алған адаммен байланысты», дейді. Бұл пікірді біздің Президентіміздің қызметін әділ бағалағандық деп білемін.
Мемлекет басшысы білім мен мәдениеттің де дамуына көп көңіл бөледі. «Назарбаев Университеті» мен бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша зияткерлік мектептер жүйесі ашылды.
Нұрсұлтан Назарбаев сияқты тұлғаларға арнап өлеңдер мен әндер жазылады, өзім өлең шығармайтын болғандықтан, маған Владимир Ташпековтің мына өлең жолдары өте ұнайды:
Будь славен, Президент степной страны,
Отец казахов, всех рассеянных по миру.
Народ сберег мой все обряды старины
И почитает мудрость, труд и лиру!
Өз атымнан Мемлекет басшысына табыс тілеймін. Оның барлық жасампаз идеялары халық игілігі үшін орындала берсін. Біз, келешек ұрпақ, үлгілі оқуға және сол арқылы туған Қазақстанымызды жетістіктерімізбен танытуға уәде береміз!
Аделя БАКИЕВА,
Қ.Сәтбаев атындағы №56 гимназияның 11 В сынып оқушысы.
АЛМАТЫ