Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы елордалық жас сайлаушылармен кездесті. Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған өзекті мәселелер кеңінен қозғалды.
Іс-шара жаңа технологияға жүгініп Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей бойынша тауарларды жеткізумен айналысатын KBT Store компаниясында өтті. Компанияда 18-35 жас аралығындағы 1200 адам жұмыс істейді. Кәсіпорынды «100 жаңа есім» байқауының жеңімпазы, Мәжіліс депутаттығына кандидат, ақжолдық Азат Сембинов басқарады.
Өз сөзінде Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының құрдастарын алғаш рет сайлауда дауыс беру құқығына ие болуымен құттықтады.
Партия көшбасшысы сайлауалды бағдарлама туралы айтып, бизнесті қолдау және әлеуметтік әділеттілік бөлімдеріне ерекше тоқталды.
«Ақ жол» партиясы Қазақстанды мүмкіндіктер мемлекетіне айналдыруға ұмтылуда. Қазақстанда өмір сүру және жұмыс істеу, отанымызда жүріп даму перспективалары жастарымыз үшін кез келген басқа елдерге қарағанда әлдеқайда тартымды болуы тиіс», деді А.Перуашев.
Ол өз сөзінде партияның жастарды қолдау жөніндегі бастамаларына ерекше назар аударды. Атап айтқанда, «Ақ жолдың» отбасылардың ипотекаларын субсидиялау, ауылдарға қолжетімді спорт кешендерінің қажеттілігі, балалар мен жастарға арналған тегін спорт секциялары, жұмысшы жастарға арналған қолжетімді тұрғын үй салу туралы ұсыныстарын алға тартты.
Партия басшысы жастарды әрбір кезекті баланың дүниеге келуін кезең-кезеңімен ынталандыру керек деген пікірде. «Ақ жол» партиясы бірінші бала туған кезде және одан әрі әрбір келесі бала туғанда 25%-ға субсидиялап, 4-ші бала дүниеге келгенде отбасының ипотекасын 0%-ға дейін төмендете отырып, көп балалы отбасы санатына ауыстыруды 2012 жылдан бастап көтеріп келеді.
Кездесуде қалаларға көшетін ауыл жастарын қолдау үшін әкімдіктердің шағын өндірістерге, білім беру мекемелеріне және әлеуметтік инфрақұрылымға арналған үй-жайлары бар ықшам әлеуметтік тұрғын үйлерді жаппай салынуы мәселесі де айтылды.
– Мұндай тұрғын үй қарапайым және арзан болуы керек, сондықтан жастар қалада бейімделіп, білім алып, жұмыс істей бастайды, аяққа тұрып, өздеріне ыңғайлы жағдай жасауға мүмкіндік алады, – дейді партия төрағасы Азат Перуашев.
Кездесу барысында Қазақстанның болашағы жастарды қолдау бүгініміз бен ертеңіміз үшін өте маңызды мәселе екені кеңінен сөз болды.
Өз кезегінде жиынға қатысушы жастар да толғандырған сауалдарын қойды.
Осыған дейін өңірлердегі кәсіпкерлер мен өндіріс орындарын аралаған «Ақ жол» партиясының сайлауалды үгіт-насихат тобы елордалық жастарды назарға алды.