2013 жылғы 25 қыркүйек Астана, Үкімет Үйі«Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1494 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. «Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1494 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 133-қүжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:көрсетілген қаулымен бекітілген Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасында:3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«3. Жер қойнауын геологиялық зерттеуді, кен орындарын кешенді пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу мақсатьшда мемлекеттік кадастрды жер қойнауьш зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүргізеді.».2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министр С.АХМЕТОВ.