2013 жылғы 3 қазан, Астана, Үкімет Үйі«Конкурстан тыс рәсімдер арқылы 2013 - 2015 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 353 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. «Конкурстан тыс рәсімдер арқылы 2013-2015 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 353 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:«9) мұнай-газ саласында пайдаланылатын флотореагенттерді техникалық күкірттен, жаңа катализаторлардан және химиялық реагенттерден алу технологияларын әзірлеу және оларды өндіріске енгізу.».2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.