• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1064

262 рет
көрсетілді

2013 жылғы 8 қазан, Астана, Үкімет Үйі«2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері(лизингі) бойынша сыйақының пайыздық ставкаларын арзандатужөніндегі субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 шілдедегі № 730 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. 2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша сыйақының пайыздық ставкаларын арзандату жөніндегі субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 шілдедегі № 730 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:көрсетілген қаулымен бекітілген 2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша сыйақының пайыздық ставкаларын арзандату жөніндегі субсидиялау қағидаларында:8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«8. Субсидиялауға ішкі банктік лизинг, ішкі толық лизинг, ішкі таза лизинг жатады.»;13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы жиырма үшінші абзацпен толықтырылсын:«жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып энергия шығаруға арналған қондырғылар мен отандық және шетелдік өндіріс желсорғылары;».2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар