2013 жылғы 18 қазан, Астана, Үкімет Үйі«Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы №705 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. «Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы №705 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №54, №725-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:«Әкімшілік органның Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы»;1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік органның Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін.»;көрсетілген қаулымен бекітілген Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қағидаларында:тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:«Әкімшілік органның Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат беру қағидалары»;1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«Әкімшілік органның Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 24-12) тармақшасына сәйкес әзірленді.».«Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру тәртібі» деген 2-бөлімде:тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:«2. Әкімшілік органның Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру тәртібі»;4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«4. Үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алу үшін өтініш беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми ұйымға қағаз нысанда не «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры ақпараттық жүйесінің порталы арқылы электронды нысанда өтініш жібереді.»;8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«8. Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алу үшін өтініш беруші осы Қағидағалар 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік органға қағаз нысанда не «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры ақпараттық жүйесінің порталы арқылы арқылы электронды нысанда өтініш жібереді.»;9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«Үлгілерді әкелуге әкімшілік органға берілетін өтінішке экспорттаушы елдің үлгілерді әкетуге берген рұқсаты қоса тіркеледі.»;15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«Үлгілердің әрбір топтамасы үшін жеке рұқсат талап етіледі.».көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:жоғарғы оң бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:«Әкімшілік органның Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларына 1-қосымша»;мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:«Ескертпе*: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтылғанға дейін жарамды болып табылады.»;көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:жоғарғы оң бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:«Әкімшілік органның Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларына 2-қосымша»;мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:«Ескертпе*: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:жоғарғы оң бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:«Әкімшілік органның Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларына 3-қосымша»;«Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция (СИТЕС)» деген бағанда:«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Министерство сельского хозяйства Республики КазахстанMinistry of Agriculture of the Republic of Kazakhstan» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:«Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіМинистерство охраны окружающей среды Республики КазахстанMinistry of Environment Protection of the Republic of Kazakhstan»;көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің2013 жылғы 18 қазандағы №1103 қаулысына қосымша
Әкімшілік органның Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларына қосымша
Әкімшілік органның Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру журналыР/с№ Кімге берілді Үлгінің атауы Саны Қайда/ қайдан Рүқсат берілген күн және нөмірі Алушының Т.А.Ә.,сенімхат Алушының қолы1 2 3