• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1111

266 рет
көрсетілді

2013 жылғы 18 қазан, Астана Үкімет Үйі«Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 1463 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. «Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 1463 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 79, 1175-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:1) орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;2) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі лицензиар болып айқындалсын.»;3) көрсетілген қаулымен бекітілген жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарында және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінде:реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын: « Автобустар мен шағын автобустардағы тахеографтарды тексеру туралы сертификат Тахеографтарды тексеру туралы тиісті сертификаттың көшірмелері Мемлекеттік қызметті алушы салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады

».2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар