Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz
«1 ақпан күні Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы жаппай вакцина салу басталды. Біз індетке қарсы әлемдік тәжірибені қолданып отырмыз. Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы», дейді Президент.
Сондай-ақ Президент азаматтарды вакциналау шығындарының барлығын мемлекет көтеретінін нақтылап өтті.
«Вакцина салуға денсаулығы жарамайтын азаматтардан басқалары, жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінеді деп ойлаймын», деді Мемлекет басшысы.