2013 жылғы 27 маусым, Астана қаласы
Реттелетін нарық субъектісінің өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылу бағалары туралы ай сайынғыақпараттың нысанын бекіту туралы
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-3-бабының 1) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 7) тармақшасына сәйкес бұйырамын:1. Ай сайынғы ақпараттың мынадай:1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, реттелетін нарық субъектісінің темір жол көлігі, азаматтық авиация, порт қызметі саласында өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылу бағалары туралы;2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, реттелетін нарық субъектісінің электрмен жабдықтау саласында өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылу бағалары туралы;3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, реттелетін нарық субъектісінің мұнай өнімдерін өндіру саласында өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылу бағалары туралы;4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, реттелетін нарық субъектісінің газ саласында өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылу бағалары туралы нысандары бекітілсін. 2. «Ақпарат нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 30 сәуірдегі №138-НҚ бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6280 нөмірімен тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 31 наурызда № 116-119 (26521) нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті (А.В. Мартыненко):1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:1) оны белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Төраға М.Оспанов«КЕЛІСІЛДІ:»Қазақстан Республикасы Статистика агенттігініңтөрағасы __________ Ә. Смайылов2013 жылғы « ___ » ________
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 27 маусым №187-НҚ бұйрығына 1-қосымша нысанРеттелетін нарық субъектісінің темір жол көлігі, азаматтық авиация, порт қызметі саласында _________________________________________________________ (субъект атауы, БСН) 201_ жылғы _____________ өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі (ай)және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің)босатылу бағалары туралы ақпаратЭҚТЖ бойынша қызметтер атауы Көлемдер Баға (ҚҚС-сыз) Табыстылық деңгейі Нақты көріністе көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) көлемі Ақшалай көріністе көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) көлемі Теңгеге шаққанда негізделген баға Теңгеге шаққанда босату бағалары Теңгеге шаққанда қызмет (жұмыс) көрсетуден табыс Теңгеге шаққанда қызмет (жұмыс) көрсетуден шығыстар Табыстылық деңгейі, %1 2 3 4 5 6 7 8
Ескерту * 2-8-бағандар бойынша ақпарат филиалдар, хабарламалар түрлері, жұмыс түрлері бойынша бөлініп ұсынылады.
Қысқартылған сөздер:БСН – Бизнес-сәйкестендіру нөмiрi;ЭҚЖЖ – Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші.Қолы __________________ Қолы __________________ (ұйым басшысы) (бас бухгалтер) М. О.Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 27 маусым №187-НҚ бұйрығына 2-қосымшанысанРеттелетін нарық субъектісінің электрмен жабдықтау саласында ____________________________(субъект атауы, БСН)201_ жылғы _________ өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі (ай)және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің)босатылу бағалары туралы ақпаратЭҚТЖ бойынша қызмет атауы Өткізу көлемдері(кв. сағ.) Өткізу көлемдері(мың теңге) Барлығы оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша Барлығы оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша * Заңды тұлғалар Жеке тұлғалар Заңды тұлғалар Жеке тұлғалар Тәулік зоналары бойынша Тұтыну көлемдері бойынша Тәулік зоналары бойынша Тәулік зоналары бойынша Тұтыну көлемдері бойынша Тәулік зоналары бойынша1 2 3 4 5 6 7 8 9
кестенің жалғасыБосату бағасы, теңге (ҚҚС-сыз) Табыстылық деңгейіБарлығы оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша * Шығыстар, мың. теңге Реттеліп көрсетілетін қызметтерден табыстар, мың теңге Табыстылық деңгейі, % Заңды тұлғалар Жеке тұлғалар Тәулік зоналары бойынша Тұтыну көлемдері бойынша Тәулік зоналары бойынша 10 11 12 13 14 15 16
*- өңірлердегі босату тарифіне қабылданған саралауға байланыстыҚысқартылған сөздер:БСН – Бизнес-сәйкестендіру нөмiрi;ЭҚЖЖ – Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші.Қолы __________________ Қолы __________________ (ұйым басшысы) (бас бухгалтер) М. ОҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 27 маусым №187-НҚ бұйрығына 3-қосымша нысанРеттелетін нарық субъектісінің мұнай өнімдерін өндіру саласында_______________________________________________________ (субъект атауы, БСН) 201_ жылғы _____________________өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі (ай)және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың(жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылу бағалары туралы ақпаратЭҚТЖ бойынша қызмет атауы Өндіру көлемдері 1 тонна мұнайды қайта өңдеу құны, теңгемен (ҚҚС-сыз) Табыстылық деңгейі нақты көріністе (тонна) ақшалай көріністе(теңге) Қызметтер (жұмыстар) көрсетуден түскен табыстар, теңгемен Қызметтер, (жұмыстар) көрсетуден шығындар, теңгемен Табыстылық деңгейі, %1 2 3 4 5 6 7
Қысқартылған сөздер:БСН – Бизнес-сәйкестендіру нөмiрi;ЭҚЖЖ – Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші.Қолы __________________ Қолы __________________ (ұйым басшысы) (бас бухгалтер) М. О.Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 27 маусым № 187-НҚ бұйрығына 4-қосымша нысанРеттелетін нарық субъектісінің газ саласында _____________________________________________________ (субъект атауы, БСН)201_ жылғы _________ өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі (ай)және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің)босатылу бағалары туралы ақпарат ЭҚТЖ бойынша қызмет атауы Өткізу көлемі (мың текше м) Өткізу көлемдері (мың теңге) Босатылу бағалары теңгемен (ҚҚС-сыз) Табыстылық деңгейі барлығы оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша барлығы оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша барлығы оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша Қызметтер (жұмыстар) көрсетуден түскен табыстар, теңгемен Қызметтер, (жұмыстар) көрсетуден шығындар, теңгемен Табыс-тылық деңгейі, %-бен халық заңды тұлғалар халық заңды тұлғалар халық заңды тұлғалар
Ескерту: ақпарат филиалдарға бөле отырып ұсынылады.
Қысқартылған сөздер:БСН – Бизнес-сәйкестендіру нөмiрi;ЭҚЖЖ – Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші.Қолы __________________ Қолы __________________ (ұйым басшысы) (бас бухгалтер) М. О.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 29 шілдеде Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8587 болып енгізілді.