• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Наурыз, 2021

Бүгін «Наурыз – 2021» халықаралық радиокөпірі өтеді

416 рет
көрсетілді

Бүгін, 17 наурыз күні сағат 14:00-17:00 аралығында Қазақ радиосы  7 ел – Иран, Түркия, Әзірбайжан, Моңғолия, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Татарстан радиоарналарымен бірлескен «Наурыз-2021» халықаралық радиокөпірін өткізеді. 3 сағаттық радиокөпір аясында аталған елдердің радиоарналары тікелей эфирде байланысқа шығады, деп хабарлайды Egemen.kz

Сонымен бірге Ресей, Франция, Австрия, Белгия, Корея, Жапония азаматтары өз елдеріндегі Наурыз мейрамының аталып өту дәстүрі жайында пікір алмасады. Арнайы қонақтар арасында Ресейдегі Б.Ельцин атындағы Орал Федералды университетінің ректоры Виктор Кокшаров, Франциядағы Мұстафа Шоқай қорының президенті Яшар Динч, Башқұртстанның Халық әртісі, Марин театрының солисі Асқар Абдразақов,  KultEurasia – Еуразиядағы мәдени диалогы қауымдастығының президенті Даниэла Либеруирт, Ұлыбританиядағы қазақ қауымдастығының тұңғыш президенті Исмайл Кеседжи, Кореядағы Хангук шет тілдер университетінің қазақ тілі мұғалімі Чой Ен Сун, Татарстандағы «Қазақстан» ұлттық-мәдени бірлестігінің жетекшісі Сағит Жақсыбаев, «Qazaqstan» арнасының Бельгиядағы меншікті тілшісі Нұрсұлу Қасым бар.

Шара Қазақ радиосының 100 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып отыр. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының  бастауымен 1921 жылы Орынбор қаласынан ақпарат тарата бастаған радиоарна қазір ел аумағының 89 пайызын қамтып отыр.  

Радиокөпір Қазақ радиосы, «Shalqar» радиосынан және аталған радиоарналардың әлеуметтік желідегі парақшаларынан (Facebook, You Tube) тікелей эфирде көрсетіледі.