• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Сәуір, 2021

Білім сапасымен қатар балалар қауіпсіздігі назардан тыс қалмасын – Мұрат Әйтенов

217 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов және Б. Нарымбетов бастаған қалалық  мәслихат  депутаттары 137-орта мектептің жай-күйімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.

Самал-3 шағын ауданында орналасқан білім ордасы 1200 орынға лайықталған. Құрылысы 2018 жылдың соңында басталған болатын. Бас мердігер - «Атамекен корпарациясы» ЖШС-ы.  Білім ошағы арнайы ұлдар және қыздарға арналған шеберханамен,  STEM кабинеті, спортзал, асханамен қамтылған. 

Қала әкімі сыныптарды аралап, «Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт» атты кітап көрмесімен танысты. Сонымен бірге, шахмат ойнаушыларды тамашалап, спорт секцияларына да ат басын бұрды. 

– Балалардың денсаулығын нығайтуды, бұқаралық спортты дамытуды қолға алу қажет. Ол үшін оқушыларды спорт үйірмелеріне көптеп тарту маңызды. Заманауи мектептерде білім алған балалар біздің жарқын болашағымыздың кепілі. Білім сапасымен қатар балалар қауіпсіздігі назардан тыс қалмасын, – деген шаһар басшысы аралау соңында мектептегі естелік кітапқа жазба қалдырды.