• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Технология 12 Сәуір, 2021

Қазақстан ғарыш технологиясын игеруге атсалысады – Мемлекет басшысы

612 рет
көрсетілді

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Осыдан 60 жыл бұрын адамның ғарышты игеру дәуірі басталды. Юрий Гагариннің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшуы – әлемдік ғылым дамуының жарқын көрінісі. Қазақстан халықаралық бағдарламаларға, ғарыш технологиясын игеруге белсенді атсалыса береді», делінген Президент жазбасында.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы осы жазбаны жарияламас бұрын twitter-де ғылым саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаған еді.