• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2010

БАСТЫ МІНДЕТ – ЗАҢДЫ ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫРУ

675 рет
көрсетілді

Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Судьялардың V съезінде сөйлеген сөзінде қоғамдық катынастардың маңызды реттеушісі ретінде азаматтық заңнаманы жетілдірудің маңыздылығын атап өтті. Қазақстаның азаматтық заңна­ма­сы 2009 жылы бірқатар маңыз­ды даталарды – Азаматтық ко­декс­тің Жалпы бөлімінің енгізіл­геніне 15 жыл және республи­ка­ның Азаматтық кодексі Ерекше бөлімінің қабылданғанына он жылдығын атап өтті. Қазіргі кезде демократиялық құқықтық институттардың жүйелі дамуының қажеттігі айқын сезі­ле­ді, оның жұмыс істеуінің негізгі шарты – тиімді сот төрелігінің бо­луы. 15 жылдық тарихында Аза­мат­тық кодекс өзінің құндылығы мен мәңгілігін дәлелдеді, ол ай­на­ласына көп элементті және елі­міз­дің көлемді азаматтық заңнамасы жинақталған жүйе құраушы заң­намалық актіге айналды. Кодексті қолдану кезінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, жал­пы алғанда адвокаттық, проку­рор­лық және сот құқық қолдану тәжірибесі қалыптасты. Біздің мемлекетіміздің өтпелі кезеңінде қабылданған Азаматтық ко­декс уақыт сынағына төтеп бер­генін атап өткен жөн. Оның негізін қалаушы ережелер қазіргі жағдайда да бекітілген қоғамдық қатынас­тарды қорғау үшін жеткілікті құқықтық база ретінде қызмет етеді. Тарихи тәжірибе егжей-тег­жейлі реттелген процессуалдық фор­ма ретіндегі сот талқылауы дау-дамайды қараудың, шын­дық­ты анықтау, ақиқатты іздестірудің ең күшті тәсілі екенін дәлелдеп отыр. Азаматтық істер – құқықтық қатынастардың (азаматтық, көп­шілік, еңбек, отбасылық, тұрғын үй, жер және тағы басқа) кең ауқы­мынан туындайтын әртүрлі қақ­тығыстарды сотта талқылауға бай­ланысты сала. Бұндай істерді қарайтын судья сот төрелігін жү­зеге асыру тәртібін реттейтін про­цессуалдық нормалардың жиын­ты­ғын ғана емес, сонымен қатар заңнаманың әртүрлі саласына жататын материалдық құқық нор­ма­ларын да жақсы білуі және дұ­рыс қолдана білуі тиіс. Азаматтық істерді қарау кезін­де процессуалдық және мате­риал­дық құқық нормаларын қол­дану­дың сот тәжірибесін де ескеру қа­жет. Ең бастысы, біздің ойымыз­ша, – заңды өмірмен байланыс­ты­ру, олардың арасындағы тепе-теңдікті табу, сол кезде құқықтық норма әділдікке ұласады. Тек осы жағдайларда ғана азаматтардың және ұйымдардың бұзылған неме­се дау туғызатын құқықтары, бос­тандықтары мен заңды мүдделері сотта тиімді қорғалу арқылы қам­тамасыз етілуі мүмкін. Съезде сөйлеген сөзінде Ел­ба­сы азаматтық заңнаманы эко­но­ми­калық қылмыстар мен құқық бұ­зушылықтарға қарсы тұру мақ­са­тында жетілдірудің маңыздылы­ғын ерекше атап өтті. Президент атап өткендей, жалған кәсіпкерлік күрделі проблема болып отыр. Осындай кылмыстар санының өсуі бизнеске де, мемлекеттің мүдде­сіне де нұқсан келтіреді. Қатынастардың осы саласында корпоративтік жаулап алу деп ата­латын мүлікті заңсыз тартып алу, оларға міндеттемелер бойынша жауапкершілікті арту, салық тө­леуден жалтару, салықтарды бюд­жет­тен заңсыз өтеу жөніндегі тіз­бекке қатысу үшін “бір күндік фир­маларды” құру сияқты бір­шама асыра сілтеушілік орын алуда. Бұл жағымсыз құбылыстар экономикаға кері әсер етеді, қалыпты инвестициялық үдеріске кедергі келтіреді, адал кәсіпкерлер үшін қосымша шығындар мен тәуекелдер, сондай-ақ құзыретіне тиісті қызметтер мен қадағалау ене­тін мемлекеттік органдар бюд­жетінің шығындалуын әкеп соғады. Осы проблеманы шешу мақсатында Жоғарғы Сот Төраға­сы М.Әлімбеков Судьялардың V съезінде Германияның жақсы тәжірибесінен мысал келтірді, жауапкершілігі шектеулі қоғам құру кезінде кемінде 25 мың еуро сомасындағы бастапқы жарғылық капиталы болуы шарт. Үлкен со­ма­ға келісім-шарттар жасасу кезін­де тарап төлем қабілетсіздігі туралы жариялай отырып, басқа мүлікпен жауап беру міндеттемесін алады. Осыған ұқсас тәжірибе басқа еуропалық елдерде де бар. Алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибелі одан әрі зерделеу және оны енгізу құқық қолдану ісіне жақсы әсер етеді және ұлттық заң­нама ережелерін әлемдік қоғам­дастықтағы тиісті қатынастарды реттеу ережелерімен жақындас­тыра­ды деп ойлаймыз. Ерқанат ЖҰМАТАЕВ, Павлодар қалалық азаматтық сотының судьясы.