• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2010

КӨГАЛДАНДЫРУ – КӨПТІҢ ІСІ

1286 рет
көрсетілді

Адам мен табиғат арасындағы байланыс тіршіліктің тамырына қан жүгіртеді. Жер-ана бусанған қазіргі сәтте бұл көрініс жаңа бір қырынан танылуда. Мемлекет тарапынан да қоршаған ортаға деген қамқорлық аясы кеңейе түсуде. Алматы об­лыс­тық “Жасыл ел” жастар қозғалысы жан­данып, өңірдегі елді мекендердегі абаттандыру, көгалдандыру бағы­тын­да көптеген жақсы істердің ұйытқысы болып келеді. Олардың бастамасымен Пан­фи­лов ауданы Үлкенағаш селолық окр­у­гіне қа­расты Киелі ағаш маңайын көгал­дан­дыру, әсем табиғатты жас көшет­тер­мен көмкеру бағытындағы жұмыс жал­ғасты. Жиынға үлкен-кіші қа­ты­сып, табиғатқа деген шынайы көзқарас оның тазалығын сақтау, бар­ды қа­дірлеу, құрметтеуге өз үлесін қосу мақ­сатында орамды ойлар ортаға салынды. Жаркенттік Еңбек Ері Күләш Айт­­жанова диқан ретінде өмірлік тә­жіри­бе­сінен ортаға салынған ой-пікір де жас­тардың көңілінен мықтап орын алды. “Жер-ана  –  асыраушымыз. Оған адал еңбек етіп, тер төккенде ғана оның қай­та­рымы болады. Жас­тар­дың бүгінгі бас­тамасы қуанышты. “Артыңда мал қал­ғанша, тал қалсын” деп бекер айтылмаған, деді ол. Айналаны нұрға бөлеген сәуір айы көгалдандыруға қолайлы кезең. Жар­кенттіктер де әр күнді табиғат аясында өткізіп, елді мекендердің көріктенуіне өзіндік үлестерін қосуда. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.