• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2014

Төрт балабақша – өскіндер игілігіне

310 рет
көрсетілді

Осыдан үш жыл бұрын тасқыннан зардап шеккен Жәнтікейде, Екпін, Ақсуат және Ақжар ауылдарында жаңа балабақшалар есіктерін айқара ашты.

Осыдан үш жыл бұрын тасқыннан зардап шеккен Жәнтікейде, Екпін, Ақсуат және Ақжар ауылдарында жаңа балабақшалар есіктерін айқара ашты.

Сонымен қатар, ауданда ардагерлер орталығы мен тауарлық жұмыртқа шығаратын цех қолданысқа берілді. Жаңа балабақшалар бүлдіршіндерді тәрбиелеуге қажетті жабдықтармен то­лық қамтамасыз етілді.

Ауданда «Жұмыспен қам­­ту-2020» бағ­дар­ла­масының жү­зеге асу қар­қыны да жақ­сы. Жәнті­кей ауылында тауар­лы жұмыртқа өндіретін цехтың ашылуы соның дәлелі. Ауылдың сұранысын толық жабу үшін 500 тауықтың болғаны жеткілікті, дейді жеке кә­сіпкер Б.Ожаев. Іскер азамат істің көзін тауып, 2 миллион теңге көлемінде несие алыпты. Енді халықтың алғы­сына ие болып отыр. Бұл нысандар мемлекет-же­кеменшік әріптестігі негі­зінде жүзеге асты.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Шығыс Қазақстан облысы,

Тарбағатай ауданы.

Соңғы жаңалықтар