• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2014

Ұлттың саулығы – ел мерейі

566 рет
көрсетілді

Жылқы жылындағы Елбасының Қазақстан халқына дәстүрлі Жол­дауы әдеттегідей әрқай­сымызға жаңа бағыт, жаңа міндет, жаңа талап жүктейді. Өйткені, Мемлекет басшысының әрбір Жолдауы бірін-бірі толықтырып тұратын біртұтас стратегиялық құжат болып табылады. Дамудың даңғыл жолы саналатын ұзақмерзімді бұл бағдарламада назардан тыс қалған мәселе кемде-кем.  Соның бірі – халықтың денсаулығы.

Жылқы жылындағы Елбасының Қазақстан халқына дәстүрлі Жол­дауы әдеттегідей әрқай­сымызға жаңа бағыт, жаңа міндет, жаңа талап жүктейді. Өйткені, Мемлекет басшысының әрбір Жолдауы бірін-бірі толықтырып тұратын біртұтас стратегиялық құжат болып табылады. Дамудың даңғыл жолы саналатын ұзақмерзімді бұл бағдарламада назардан тыс қалған мәселе кемде-кем.  Соның бірі – халықтың денсаулығы.

Бүгінгі таңда Қазақстанның тұрақ­ты дамуында ұлт саулығы мемлекеттік ең ма­ңыз­ды мәселелер санатына кіреді. Осы Жолдауында да Елбасының: «Саламатты өмір салтының орнығуы, медицинаның дамуы қазақстандықтардың  өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін арттырады», деуі осыған дәлел. Мәселен, Алматы қаласында «Сала­матты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың үш жылында қала тұрғындарының денсаулық индикаторлары мен нәтиже көрсеткіштерінің тұрақты оң динамикасы қамтамасыз етілді.

Алматыда туу көрсеткіші артып, алматы­лықтардың табиғи өсімі 2010 жылы – 12,7, 2011 жылы 17,3 пайызға өсіп отыр. Сәби өлімінің деңгейі 2010 жылдан – 39,2 пайызға, 2011 жылдан – 37,7-ге, ал 2013 жылы 7,9 пайызға кеміген. Ал қала тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы бір жылға ұзарып,  71,7 жасқа жетіп отыр. Бұл – республика бойынша салыстырғанда, ең жоғары көрсеткіш.

Сонымен қатар,  саламатты өмір салты бойынша мекемеаралық және сектораралық тиімділікті жоғарылатуда оң қорытындыларға қол жеткізілді. Мәселен, 2012 жылдан бастап 30 минуттан күн сайын дене жаттығуымен шұғылданатындар саны артып, 3 жылда 30-дан 41,6-ға пайызға  өскен. Темекі шегетіндер саны былтыр  24-тен 23,7 пайызға төмендеген. Ішімдікке салынғандар саны соңғы 3 жылда 14-тен 12,8 пайызға азайған. 

Сонымен қатар, Елбасы Қазақстан медициналық туризм бойынша Еуразия елдерінің ішінде алдыңғылар қатарында дамитынына сенім білдіріп отыр. Оған толық негіз бар деп ойлаймын. Өйткені, Мемлекет басшысының ұдайы қолдау көрсетуінің нәтижесінде елімізде медициналық керемет кластерлер қолға алынды. Қазіргі кезде Қазақстанда заманауи үлгідегі халықаралық стандартқа сай салынып, соңғы үздік технология құрылғылармен жарақтанып, жаңа инновациялық бағытта жұмыс жасап жатқан клиникаларымыз қаншама. Әсіресе, трансплантология саласындағы жетістігіміз қарқындап дамуда.  

Елбасының дәстүрлі Жолдауы денсаулық сақтау, білім беру саласы қызметкерлеріне қуанышты хабар сыйлады. Өйткені, келер жылдан бастап, еліміздегі дәрігерлердің жалақысы 28 пайызға көбеймек. Егер халық­тың саулығы – қоғамның ең басты құн­дылықтарының бірі десек,  осы елдің баға жетпес игілігі үшін күндіз-түні денсаулық күзетінде жүрген медицина қауымының еңбегінің еленіп, бағаланып жатуы – біздерді жаңа биіктерді бағындыруға, алға қойған міндеттерді орындау жолында ынта-жігер, қажыр-қайрат қосатынына кәміл сенеміз.

Жанат ҚАСЫМЖАНОВА,

Алматы қалаcы денсаулық

сақтау басқармасының басшысы.

Соңғы жаңалықтар