• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 14 Қазан, 2021

Адамзат әлі күнге дейін ксенофобиядан арыла алмай отыр – Президент

315 рет
көрсетілді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таразда өтіп жатқан «Қазіргі кезеңдегі этносаралық келісім: тәжірибе және келешектегі міндеттер» атты халықаралық конференцияға қатысушыларна үндеу жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жалпыұлттық бірлік – Қазақстанның барлық жетістіктерінің бастауында тұратын баға жетпес байлығымыз. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен елімізде этносаралық келісімнің өзіндік моделі қалыптасты. Бүкіл әлем мойындаған осы үлгі барша этнос және конфессия өкілдерін ұйыстыруға, мәдениеттер мен тілдерді өзара үйлесімді дамытуға негізделген. Қазақстан өзінің ұлттық бірегейлігінің негізі саналатын «бірлігіміз – әралуандықта» деген қағидатты берік ұстанып келеді. Біз халқымыздың ырысты ынтымағы мен жасампаз еңбегінің арқасында Тәуелсіздігімізді нығайтып, қуатты мемлекет құрдық», делінген Президент үндеуінде.

Мемлекет басшысының айтуынша, жаһандық және өңірлік деңгейдегі жаңа сын-қатерлер жағдайында ел бірлігін нығайтудың маңызы арта түсті.

«Адамзат әлі күнге дейін төзімсіздік пен ксенофобиядан арыла алмай отыр. Көптеген мемлекетте этносаралық сипаттағы әлеуметтік шиеленіс өршіп барады. Сондықтан, халықаралық қауымдастықтың алдында осы түйткілді мәселені шешудің тиімді жолдарын іздеу, қоғамдық дамудың жаңа инклюзивті моделін әзірлеу міндеттері тұр. Бұл ретте сарапшылар мен кәсіби зерттеушілердің ғылыми ұстанымнан айнымай, белсенді жұмыс істеуі аса маңызды. Конференцияға қатысушылар тың идея ұсынып, өз тәжірибелерін бөлісіп, сындарлы сұхбат құрады деп сенемін. Еңбектеріңіз жемісті болсын!», деп жазылған үндеуде.