• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Парламент 27 Қазан, 2021

Омбудсмен институтын нығайту керек – Нұрлан Нығматулин

169 рет
көрсетілді

Омбудсмен туралы заң жобасы Президент бастамашы болған саяси реформа аясында әзірленді. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң жобасын және оған ілеспе түзетулерін мақұлдау барысында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бұл еліміз үшін өте маңызды, өте қажетті құжаттардың бірі екенін атап өтіп:

«Осы енгізілген өзгерістердің нәтижесінде омбудсменнің қызметін, өкілдігін, жалпы адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын нығайтуға нақты қадам жасалып отыр. Бұл мемлекет және азаматтық қоғам арасындағы байланысты одан әрі тереңдетуге жаңа жол ашатыны сөзсіз», деді.

Нұрлан Нығматулин атап өткендей, адам құқықтарының бұзылуын қалпына келтіру бойынша омбудсменнің өкілеттіктері айтарлықтай кеңейді.

Айта кету керек, бүгінде Омбудсмен институтын оның құқықтық мәртебесін, қызметінің қағидаттары мен кепілдіктерін, сондай-ақ адамның және азаматтың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жөніндегі құзыретті заңнамалық деңгейде нақты айқындау арқылы одан әрі дамыту қажеттігі жетілдірілді.