• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Президент 28 Қазан, 2021

Алтын Орда бауырлас елдердің де тағдырында айрықша із қалдырған – Президент

369 рет
көрсетілді

Алтын Орда тарихын бауырлас елдердің ғалымдарымен бірлесіп зерттеу маңызды. Атырауда өтіп жатқан «Ұлық ұлыс – Алтын Орда» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның қатысушыларына жолдаған құттықтау хатында ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жайық жағасындағы және Ұлытау баурайындағы көне ескерткіштер мен заманауи кешендер туризмді дамытуға толық мүмкіндік береді. Тарихын түгендеп, одан тарихи тағылым ала білетін елдің тамыры берік болады. Алты Орда көптеген бауырлас елдердің тағдырында да айрықша із қалдырған. Сондықтан халықаралық ғылыми қауымдастықтың алдында ортақ шежіремізді бірлесе іріктеу міндеті тұр. Бүгінгі басқосуда ғалымдарымыз тың деректер мен салмақты ой-пікірін ортаға салады деп есептейміз», деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Атырау облысында «Ұлық ұлыс – Алтын Орда» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр. Шара аясында конференцияның қарарын қабылдау жоспарланған.