Қазақстанда жалпы саны 122 жоғары оқу орны бар. Оның тең жартысы жекеменшік оқу орындары. Білім беру сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік грант саны мен стипендия көлемі артады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
«2025 жылы мектеп бітірушілерге 75 мың грант бөлінеді. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған шәкіртақы көлемі артады. Атап айтқанда бакалавр студенттерінің шәкіртақысы 2025 жылы 2 есе, магистратура мен доктарантурада білім алушылардың стипендиясы 1,5 есе өседі», деді Асхат Аймағамбетов.