• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
08 Мамыр, 2010

“ЖЕҢІС” КЕМЕСІ СУҒА ТҮСІРІЛДІ

608 рет
көрсетілді

Таяуда “Орал “Зенит” зауыты” АҚ жасап шы­ғар­ған кезекті кеменің Шаған өзеніне түсірілу рәсімі болды. Оған “Жеңіс” атауы­ның берілуі де тегін емес. Биыл елі­міз­де Ұлы Жеңістің 65 жылдығы кеңінен той­ланып отыр. Екін­ші­ден, бұл – іргесі сонау соғыс жылдары қалан­ған “Зе­нит” зауыты ұжымының кезек­ті табысы, яғни “Барыс” се­рия­­сы­мен жасалған үшінші ұшқыр кеме. Қорғаныстық мақ­сатта құрыл­ған аталмыш зауыттың ұлы Жеңіске қосқан үлесі аз емес. Сол үшін ке­зін­де І-дәрежелі Отан соғысы ор­де­німен де марапаттал­ған. Соны­мен қатар зауыт еліміз тәуелсіз­дік­ке қол жеткізгеннен бері кеме шығаруға маманданып келеді. Кемелердің алды Каспий те­ңі­зінде ел шека­ра­­сын кү­зетуде қыз­мет ат­қарып та жүр. Мұны сал­та­нат­ты рә­сімге қатысқан облыс әкімі Бақ­тықожа Ізмұхам­бетов атап өтті. Сон­дай-ақ ҚР ҰҚК Шекара қы­з­меті бас­шы­сы, генерал-ма­йор Бо­лат Қыр­ғыз­­баев­тың мә­лім еткеніндей, Орал­да жасалған ка­тер­лердің арқа­сында 200-ден аса шекара бұзушы ұсталған. 2015 жылға дейін зауытта тағы да бес үлкенді-кішілі катер құрастыру жоспарланып отыр. Демек, кеме құрастыру ісі дами бермек. Темір ҚҰСАЙЫН.