• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
04 Наурыз, 2014

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің бұйрығы №3/НҚ

315 рет
көрсетілді

2014 жылғы 10 қаңтар, Астана қаласы «Құрылыс салудың аумақтық ережелерін әзірлеудің қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 603 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық акті­ле­рі­не оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзге­ріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 шіл­дедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөнін­дегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 140-р өкіміне сәйкес бұйырамын: 1. «Құрылыс салудың аумақтық ережелерін әзірлеудің қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құры­лыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агент­ті­гі төрағасының 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 603 бұй­рығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8267 болып тіркелді, 2013 жылғы 17 қазандағы «Егемен Қазақстан» газетінде № 233 (28172) жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыс салудың аумақтық ережелерін әзірлеудің қағидасында: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Аумақтық ережелерде оларды әзірлеген кезде елді мекендер аумағының, құрылыс салудың, оларда мәдени, тарихи сәулет-қала құрылысы мұрасын және табиғи ландшафтын сақтаудың өзіндік ерекшеліктерін ескеру туралы талаптар болуға тиіс.». 2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті (С.М. Дембай): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр Б.ЖӘМІШЕВ. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет минис­трлі­гінде 2014 жылғы 13 ақпанда Нормативтік құқық­тық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9145 болып енгізілді.