2013 жылғы11 желтоқсан, Алматы қаласы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларында:
2-қосымшада:
Төлем белгілеу кодының жан-жақты кестесінде:
«0 – Зейнетақы төлемдері және жәрдемақылар» деген бөлімде:
001 және 002-кодтар мынадай редакцияда жазылсын:
«001 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бюджеттік қаражат есебінен судьяның ай сайынғы табысының он пайызы мөлшеріндегі міндетті зейнетақы жарналары
002 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері сомасынан, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының оның активтері сомасынан түскен комиссиялық сыйақы»;
005, 006, 007, 008 және 009-кодтар мынадай редакцияда жазылсын:
«005 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша қате есепке алынған өсімпұл сомаларын қайтаруы
006 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушының комиссиялық сыйақысы
007 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық кірістен түскен комиссиялық сыйақысы
008 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша қате есепке алынған сомаларды қайтаруы
009 Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының уақтылы аударылмағаны үшін өсімпұл»;
011-код мынадай редакцияда жазылсын:
«011 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері»;
014 және 015-кодтар мынадай редакцияда жазылсын:
«014 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына республикалық бюджет қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы табысы сомасынан міндетті зейнетақы жарналары уақтылы аударылмағаны үшін өсімпұл
015 Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары»;
«Зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен инвестициялық кіріс» деген 018-кодтың екінші жолы алып тасталсын;
024 және 025-кодтар мынадай редакцияда жазылсын:
«024 Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және/немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында аудару
025 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының республикалық бюджет қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы табысы сомасынан аударылатын міндетті зейнетақы жарналары уақтылы аударылмағаны үшін өсімпұлды қайтаруы»;
«Республикалық бюджеттен трансферттер» деген 030-кодтан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«030 Зейнетақы төлемдерін алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын алушының зейнетақы төлемдеріне құқығын иелену кезіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерінің сомаларын төлеу
030 Бір жасқа жеткенге дейін бала күтуге байланысты табысты жоғалтқан жағдайда әлеуметтік төлемдерді алушыларға «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамынан міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау»;
031 және 032-кодтар мынадай редакцияда жазылсын:
«031 Банктің қате төлемдерді қайтаруы, оралмандарға бір жолғы төлемдерді, банкроттық салдарынан таратылған және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиян үшін жауапты болып танылған заңды тұлғалардың бұрынғы қызметкерлеріне ай сайынғы төлемдерді қайтару
032 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы, ерікті зейнетақы жарналары бойынша қате есепке алынған сомаларды қайтаруы»;
040 және 041-кодтар мынадай редакцияда жазылсын:
«040 Зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысына қатысушыларды және мүгедектерді, міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемдерді алушыларды жерлеуге арналған жәрдемақылар
041 Зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысына қатысушыларды және мүгедектерді, міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемдерді алушыларды жерлеуге арналған жәрдемақыларды қайтару»;
059-код мынадай редакцияда жазылсын:
«059 Анасына немесе әкесіне, баланы (қызды) асырап алушыға, мүгедек баланы тәрбиелейтін қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақылар»;
069-код мынадай редакцияда жазылсын:
«069 Анасына немесе әкесіне, баланы (қызды) асырап алушыға, мүгедек баланы тәрбиелейтін қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақыны қайтару»;
078 және 079-кодтар мынадай редакцияда жазылсын:
«078 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының аударым сомаларын қайтаруы
079 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының республикалық бюджеттің қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы табыс сомасынан аударылған міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруы»;
088-код мынадай редакцияда жазылсын:
«088 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтары бойынша кредиторлық берешегін өтеу»;
095-код мынадай редакцияда жазылсын:
«095 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін қате есепке алынған айыппұл сомаларын қайтаруы»;
«Басқа төлемдер» деген 099-кодтан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«099 Оралмандарға берілетін бір жолғы төлемдер
099 Банкроттық салдарынан таратылған және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиян үшін жауапты болып танылған заңды тұлғалардың бұрынғы қызметкерлеріне ай сайынғы төлемдер
099 Осы бөлімде ескерілмеген өзге де басқа төлемдер (жәрдемақылар)»;
«3 - Салымдар (депозиттер)» деген бөлімде:
«Шартты салымдар бойынша клиенттің шотына есептелген сыйақыны банктің есептеуі» деген 319-кодтың үшінші жолынан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«319 Ақшаны сенімгерлікпен басқаруға өткізу»;
«Клиенттердің бір банктегі өзінің ағымдағы шотынан басқа банктегі өзінің ағымдағы шотына аударымы» деген 321-кодтың бесінші жолы алып тасталсын;
«Банктің бір банктегі өзінің корреспонденттік шотынан басқа банктегі өзінің корреспонденттік шотына өз қаражаттарын аударуы» деген 325-кодтан кейін мынадай мазмұндағы 326-кодпен толықтырылсын:
«326 Клиенттердің бір банктегі өзінің ағымдағы шотынан басқа банктегі өзінің ағымдағы шотына аударымы»;
«Шартты салымнан ақша алу: негізгі соманы және есептелген сыйақыны» деген 329-кодтың екінші жолынан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«329 Сенімгерлікпен басқаруға берілген ақшаны қайтару»;
«8 - Қызмет көрсету» деген бөлімде:
«Өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысы (жарна)» деген 831-кодтан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«831 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының не ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуы»;
832-кодта:
екінші жол мынадай редакцияда жазылсын:
«832 Сақтандыру ұйымының өмірді сақтандыру және аннуитеттік сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін аударуы»;
екінші жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«832 Сақтандыру ұйымының аннуитеттік сақтандыру бойынша мерзімдік/өмір бойы сақтандыру төлемдері»;
«Сақтандыру агенттеріне комиссиялық төлемдер» деген 837-кодтың екінші жолынан кейін мынадай мазмұндағы 838-кодпен толықтырылсын:
«838 Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сатып алу сомасын қайтару»;
«Дата, мөр немесе нөмір қоюға арналған штемпельдер, этикеткалар басуға немесе бедерлеп өрнектеуге, баспа терімдеріне арналған қолмен жұмыс істейтін құрылғылар дайындау» деген 859-кодтың екінші жолы алып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылатын 1-тармақтың елу бірінші, елу екінші және елу үшінші абзацтарын қоспағанда, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Ұлттық Банк Төрағасы Қ.КЕЛІМБЕТОВ.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 27 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9095 болып енгізілді.