2013 жылғы 30 қараша, Астана қаласы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 56-бабының 42) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды әуе (авиациялық) өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды автомобиль өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол өткізу пункттерінде (әрі қарай - Үлгі схемасы) адамдардың, көлік құралдарының, жүктер мен тауарлардың өткізілуін ұйымдастырудың үлгілік схемасы;
4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теңіз (өзен) өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрағасы Н.ӘБІҚАЕВ.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрі
А.ЖҰМАҒАЛИЕВ.
2013 жылғы 3 желтоқсан
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б.СҰЛТАНОВ.
2013 жылғы 5 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 30 қарашадағы
№504 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды әуе (авиациялық) өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың
ҮЛГІЛІК СХЕМАСЫ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды әуе (авиациялық) өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы (бұдан әрі – Үлгілік схема) бақылаушы органдар бөлімшелерінің (бұдан әрі – бақылаушы органдар) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) әуе (авиациялық) өткізу пункттерінен (бұдан әрі – өткізу пункттері) кесіп өтетін адамдарға, әуе кемелеріне, жүктер мен тауарларға қатысты шекаралық, кедендік, санитарлық-карантиндік, карантиндік фитосанитарлық, мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және/немесе қадағалауды, сондай-ақ авиация қызметінің іс-қимылын жүзеге асыру кезінде өткізуді ұйымдастыруды айқындайды.
2. Бақылау операцияларын өткізу орнына белгіленген уақытқа дейін бақылаушы органдардың лауазымды тұлғаларының уақытылы келуін қамтамасыз ететін әуежай (әуеайлақ) диспетчерлік қызметі бақылаушы органдарға әуе кемелерінің тұрақты (әуе кемесінің қозғалыс кестесі бойынша) рейстерін және әуе кемесінің тұрақты емес (әуе кемесінің қозғалыс кестесінен тыс) рейстерін есепке ала отырып, тәуліктік жоспарды ұсынады.
Әуе кемесінің тәуліктік ұшу жоспарындағы барлық өзгерістер туралы әуежай (әуеайлақ) диспетчерлік қызметі бақылаушы органдарға тез арада хабарлайды.
3. Әуе кемесін бақылаудың шекаралық, кедендік және басқа да түрлері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің бөлімшесі (бұдан әрі – шекаралық бақылау бөлімшесі) шекаралық бақылау бөлімшесінің келісімі бойынша әуежай әкімшілігі белгілеген әуе кемелерінің тұрағында жүзеге асырылады.
Шетелге баратын әуе кемесі ұшу үшін қозғалысты, яғни тұрақ орнын тек шекаралық бақылау бөлімшесінің рұқсатымен ауыстырады.
4. Әуе кемесін тексеруді шекаралық және кедендік бақылау бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары инженерлік-авиациялық қызмет (экипаж мүшелері) өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырады.
5. Әуе кемесінің жолаушылары мен экипаж мүшелерін бақылаудың шекаралық, кедендік және басқа түрлері өткізу пунктінің арнайы жабдықталған үй-жайларында, сондай-ақ әуе кемесінің бортында (басқышында) басқышында жүзеге асырылады.
6. Жүктер мен тауарларды бақылаудың шекаралық, кедендік және басқа түрлері өткізу пунктінің тиеу-жүк түсіруге арналған жабдықпен жабдықталған, соның ішінде арнайы жабдықталған үй-жайлары мен алаңдарында жүзеге асырылады.
7. Әрбір әуе (авиациялық) өткізу пункттерінде оның ерекшеліктеріне байланысты (санаттары, сыныптары, инфрақұрылымының және техникалық жарақтануының дамуы, жыл уақыты) Үлгілік схеманың негізінде бақылау органдары басшыларының және әуежай әкімшілігінің бірлескен шешімімен Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізуді ұйымдастыру схемасы (бұдан әрі – өткізуді ұйымдастыру схемасы) әзірленеді және бекітіледі.
8. Өткізу пунктіндегі режимді шекаралық наряд авиациялық қауіпсіздік қызметі және кедендік бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғаларымен өзара іс-қимыл жасау арқылы қамтамасыз етеді.
Өткізу пунктінің кедендік бақылау аймағында кедендік бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғалары Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес режимдік шектеу енгізеді.
Бақылау аумағында шетелге баратын жолаушыларды тіркеуді бастаудан отыз минут бұрын шекаралық және кедендік бақылау бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары АҚҚ қызметкерлерін қатыстыра отырып, режимдік іс-шараларды жүзеге асырады. Осы іс-шаралар аяқталғанға дейін бақылауды жүзеге асыруға немесе жолаушыларға қызмет көрсетуге қатыспайтын барлық адамдар шығарылады, күту залына кіруге мүмкіндік тудыратын барлық кіреберістер жабылады, тек шекаралық нарядтардың қатысуымен және олардың рұқсатымен ашылады және жабылады.
Күту залында бақылауды, сондай-ақ жолаушыларды бақылауды шекаралық нарядтар және кедендік бақылау бөлімшесінің жедел қызметкерлері жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасында әуе кемелеріне адамдардың, жүктер мен тауарлардың келуі кезінде авиациялық қызмет пен бақылаушы органдарының іс-қимылдары
9. Бақылаушы органдары лауазымды тұлғаларының және авиациялық қызметтер қызметкерлерінің әуе кемесінің кетуі кезіндегі іс-қимылдары:
1) әуежайдың (әуеайлақтың) диспетчерлік қызметі рейс нөмірі, әуе кемесінің түрі, борттық нөмірі мен жолаушылардың санын (жолаушылардың тізімін) және олардың багаждары туралы мәліметтер көрсетілген әуе кемесінің ұшуы туралы хабарлама (телефондық хабарлама, жеделхат, басқа да хабарламалар) алғаннан кейін бұл туралы бақылаушы органдарға хабарлайды;
2) әуе кемесінің қону уақытының есебі туралы мәлімет алғаннан кейін бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары әуе кемесінің тұрағына уақытынан бұрын келеді;
3) әуе кемесін тұраққа қондыру сәтінен бастап шекаралық нарядтар оларды бақылауды жүзеге асырады. Әуе кемесінің келу тұрағында қосымша шектеу режимдері қойылады. Әуе кемесіне адамдардың келуіне шекаралық, кедендік және басқа да түрлі бақылаулар жүзеге асыру кезінде шектеу қойылады, қажет болған жағдайда – тыйым салынады;
4) Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды және жүктерді тасымалдау кезінде жүктердің санитарлық-карантиндік жағдайы және адамдардың денсаулық жағдайының нашарлау қауіпі болған жағдайда экипаждың өтінімі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімшесінің лауазымды тұлғалары бірінші болып әуе кемесінің бортына көтеріледі, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бағалайды және өзінің құзіреті шегінде әуе кемесін қабылдау немесе санитарлық-карантиндік бақылау бойынша басқа іс-қимылдарды жүзеге асыру қажеттілігі бойынша шешім қабылдайды;
5) бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары әуе кемесінің экипажына шекаралық, кедендік және басқа бақылауларды жүзеге асыруға қатысты сауалдар жүргізеді;
6) әуе кемесінің экипажы бақылаушы органдардың лауазымды тұлғаларына бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды береді:
азаматтық авиация саласындағы халықаралық шарттарда көзделген тасымалдаушының құжаты (бас декларация);
әуе кемесінің бортында тасымалданатын жүктер мен тауарлар туралы мәліметтер қамтылған құжат (жүк ведомосі);
борт керек-жарақтары туралы мәліметтер қамтылған құжат;
көлік (тасымалдау) құжаттары;
тасымалданатын жүктерге және тауарларға арналған тасымалдаушыда бар коммерциялық құжаттар;
бортта тасымалданатын жолаушылар және олардың багажы туралы мәліметтер бар құжат (жолаушы ведомосы);
Қазақстан Республикасымен ратификацияланған Дүниежүзілік пошта одағының хаттамаларымен айқындалған, халықаралық пошта жөнелтімдерін тасымалдау кезінде олармен ілесіп жүретін құжат;
жоғары фитосанитарлық қауіпі бар карантинге түскен өнімге рұқсат беретін карантиндік фитосанитарлық құжат, егер бұл өнім экипаж бен әуе көлік құралдары жолаушыларының азықтандыру үшін арналмаған болса және әуе кемесінің бортынан шығуы мүмкін болса.
Сонымен қатар әуе кемесінің командирі келесі мәліметтерді ұсынады:
экипаж мүшелеріндегі Кеден одағына мүше мемлекеттердің валютасын және валюталық құндылықтарын қоса алғанда, кеме бортында Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған, құрамында есірткі, қатты әсер ететін құралдар, психотроптық және улы заттар бар дәрілік құралдардың, қару-жарақтың, оқ-дәрілердің болуы (болмауы) туралы;
7) шекаралық наряд басшысы бақылаушы органдар лауазымды тұлғаларының келісімі бойынша әуе кемесіне келген адамдардың түсуіне, жүктер мен тауарларды түсіруге рұқсат береді;
8) әуе кемесіне келген адамдарды, жүктер мен тауарларды түсіргеннен кейін шекаралық бақылау және кедендік бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары инженерлік-авияциялық қызмет өкілдерінің (экипаж мүшелері) қатысуымен әуе кемесін бірлесе қарап тексеруді жүзеге асырады;
9) әуе кемесін қарап тексеруді аяқтағаннан кейін тұрақтағы қосымша режимдік шектеу алынып тасталынады;
10) келген адамдарды әуе кемесінің тұрағынан бақылау орнына тасымалдау, шекаралық нарядтардың бақылауымен немесе еріп жүруімен жүзеге асырылады.
10. Шекаралық наряд келген адамдардың мемлекеттік шекарадан өту құқығына арналған құжаттарын тексеруді аэровокзалдық кешендердегі паспорттық бақылау кабиналарында немесе арнайы жабдықталған жайларда жүзеге асырады. Әуе кемелері экипажы мен жолаушыларының, сондай-ақ әуе кемесінің бортына алып келген мүгедектер мен ауыр науқастардың құжаттарын тексеру белгіленген орындарда немесе әуе кемесінің бортында (әуе кемесінің басқышында) жүзеге асырылады.
Шекаралық бақылау бөлімшесі Мемлекеттік шекараны бір уақытта кесіп өтетін адамдардың санын ескере отырып, барынша көп паспорттық бақылау кабиналарының жұмыс істеуіне шара қолданады.
11. Жолаушыға Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңында белгіленген шектеулеріне сәйкес Қазақстан Республикасына кіруге рұқсат берілмеген жағдайда, шекаралық нарядының басшысы әуежай жолаушылар тасымалын ұйымдастыру қызметінің (одан әрі – ЖТҰҚ) агентіне немесе авиакомпания өкіліне ақпарат береді.
ЖТҰҚ агенті (авиакомпания өкілі) аталған жолаушыны кері рейспен депортациялауға немесе оны кейін депортациялауға дейін орналастыруға шара қолданады.
12. Дипломатиялық, қызметтік төлқұжат иелері, бизнес-класс жолаушылары, мүмкүндіктері шектеулі жолаушылар, ӘК экипажы, «FAST TRACK» стикерімен белгіленген, арнайы бөлінген паспорттық бақылау кабинасы арқылы өткізіледі.
13. Кедендік одаққа қатысушы мемлекеттердің азаматтары «КЕДЕНДІК ОДАҚҚА ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ АЗАМАТТАРЫ ҮШІН» деген стикермен белгіленген арнайы бөлінген паспорттық бақылау кабиналарынан, егер осындай адамдардың саны көп болған жағдайда – бос паспорттық бақылау кабиналары да арқылы өткізіледі.
Әуе кемелерінің экипаж мүшелері Мемлекеттік шекара арқылы Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретін құжаттары бойынша, сондай-ақ авиакомпания өкіліне (ЖТҰҚ агенті) уақытынан бұрын ұсынылатын ұшу тапсырмасының көшірмесіне (бас декларацияна) сәйкес өткізіледі.
14. Шекаралық бақылау бөлімшелері Мемлекеттік шекара бұзушысын анықтау және ұстау мақсатында жүктер мен тауарлардың тексеріп қарауын жүргізеді. Жүктерді және тауарларды тексеріп қарау кедендік бақылау бөлімшесімен бірлесе отырып, шекаралық бақылау бөлімшесі жүргізеді және әуе кемесінің тұрағында оларды түсіру кезінде немесе Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында белгіленген орындарда жүзеге асырады.
15. Келген адамдарды, жүктерді кедендік және радиациялық бақылау өткізу пунктінің арнайы жабдықталған үй-жайларында жүргізіледі, онда келген адамдардың, жүктердің Қазақстан Республикасының кедендік заңнамаларының талаптарына сәйкестігіне құжаттарын тексеру жүзеге асырылады.
Кедендік бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғалары құжаттардағы мәліметтердің растығын тексереді және шекаралық бақылау бөлімшесімен бірлесе отырып (қажет болғанда), келген жүктер мен тауарларды қарап тексеруді жүргізеді.
Кедендік бақылау барысында келген адамдардың қол жүгінде немесе багажында кіші үй жануарлары, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат немесе карантинге түскен өнімдер анықталған жағдайда, карантиндік фитосанитарлық бақылауды және қадағалауды немесе ветеринарлық-санитарлық бақылауды және қадағалауды бөлімшелерінің лауазымды адамдары тиісті тексеруді жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасынан әуе кемесінде адамдардың, жүктер мен тауарлардың кетуі кезінде бақылаушы органдар мен авиациялық қызметтердің іс-қимылдары
16. Авиациялық қызмет қызметкерлерінің және бақылаушы органдар лауазымды тұлғаларының тұрақта және әуе кемесінің бортында жүзеге асыратын іс-қимылы:
1) әуе кемесінің ұшуға техникалық дайындығы барысында, әуежайдың (әуеайлақтың) өндірістік-диспетчерлік қызметі ұшуға дейін үш сағат бұрын бақылаушы органдарына рейстің нөмірін, әуе кемесінің түрін, борт нөмірін, жіберу уақытын, баратын әуежайды, тұрақ нөмірін көрсете отырып, әуе кемесінің тиелуге дайын екендігі туралы хабарлайды;
2) бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары әуе кемесіне тиеуге дайын екендігі туралы хабар алған соң әуе кемесінің тұрағына келеді.
Кететін әуе кемесінің тұрағында және шекаралық, кедендік және өзге де бақылау түрлері жүзеге асырылатын үй-жайларда қосымша режимдік шектеулер қойылады.
Әуе кемесіне адамдардың келуіне шекаралық және өзге де бақылау түрлерін жүзеге асыру кезеңінде шектеу қойылады, қажет болған жағдайда - тыйым салынады;
3) бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары әуе кемесінің командиріне шекаралық, кедендік және басқа бақылауларды жүзеге асыруға қатысты сауалдар жүргізеді;
4) әуе кемесінің командирі бақылаушы органдардың лауазымды адамдарына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды береді;
5) бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары әуе кемесін бірлесіп тексеруді инженерлік-авиациялық қызмет (экипаж мүшелері) өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырады;
6) шетелге баратын жолаушыларды тіркеу, әуе кемесі ұшпастан бұрын алдын ала шетелге баратын әуе кемесін белгіленген ресімдеу регламентіне сәйкес басталады. Жолаушыларды тіркеу басталғанда кедендік бақылау тіректері және паспорттық бақылау кабиналары жұмыс істеуді бастайды. Бір уақытта жұмыс істейтін кедендік бақылау тіректері мен паспорттық бақылау кабиналарының саны жолаушылар ағынының қарқындылығына сәйкес келуі және кезектер болдырмауы керек;
7) шекаралық нарядтарының ауысым басшысы кететін әуе кемесіне адамдарды (бұдан әрі – кететін адамдар) отырғызуға және кедендік бақылау бөлімшесі лауазымды тұлғаларының келісімі бойынша тауарлар мен жүктерді тиеуге рұқсат береді. Әуе кемесінің бортына адамдарды отырғызу аяқталған соң, шекаралық нарядтарының ауысым басшысы борттағы адамдарды шекаралық бақылаудан өткендердің санымен салыстыруды жүзеге асырады.
17. Адамдарға, жүктер мен тауарларға шекаралық, кедендік және басқа да бақылауларды жүзеге асыру бойынша бақылаушы органдар лауазымды тұлғаларының іс-қимылы:
1) шекаралық наряд кететін адамдардың Қазақстан Республикасына кіруге құқық беретін құжаттарын тексеруді паспорттық бақылау кабиналарында, арнайы жабдықталған жайларда жүзеге асырады. Әуе кемелерінің экипажы мен жолаушыларының, сондай-ақ әуе кемесінің бортына алып келген мүгедектер мен ауыр науқастардың құжаттарын тексеру белгіленген орындарда немесе әуе кемесінің бортында (әуе кемесінің басқышында) жүзеге асырылады;
2) оларға қатысты заңды шектеу қойылған адамдар Мемлекеттік шекара арқылы өткізілмейді. Мемлекеттік шекара арқылы өткізбеу фактісі бойынша шекаралық нарядының ауысым басшысы авиакомпания өкіліне немесе ЖТҰҚ агентіне багажды уақытылы түсіру және жолаушылар манифестіне өзгерістер енгізу мақсатында аталған жолаушылар санатының әуе кемесінде ұшуы мүмкін еместігі туралы ақпарат береді.
Шындығы күмән келтіретін құжаттар, арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып тереңдетілген тексеру рәсімінен өтеді. Құжаттарды тереңдетілген тексеруден өткізу уақыты туралы авиакомпания өкіліне немесе ЖТҰҚ агентіне хабарланады;
3) дипломатиялық, қызметтік төлқұжат иелері, бизнес-класс жолаушылары, мүмкіндіктері шектеулі жолаушылар, әуе кемесінің экипаждары «FAST TRACK» стикерімен белгіленген арнайы бөлінген паспорттық бақылау кабинасы арқылы өткізіледі.
Әуе кемелерінің экипаж мүшелері Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретін құжаттары бойынша, сондай-ақ авиакомпания өкіліне (ЖТҰҚ агенті) уақытынан бұрын ұсынылатын ұшу тапсырмасының көшірмесіне (бас декларациясына) сәйкес өткізіледі;
4) адамдар мен багаждарға кедендік және радиациялық бақылау кететін адамдардың авиабилеттерін тіркеу, багаж бен қол жүгін ресімдеу аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады. Жүктерді бақылауды кедендік бақылау бөлімшесі шекаралық бақылау бөлімшесімен өзара іс-қимылда оларды тиеуге дейін немесе әуе кемесіне тиеу уақытында жүзеге асырылады. Кедендік бақылау барысында келген адамдардың қол жүгінде немесе багажында кіші үй жануарлары, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат немесе карантинге түскен өнімдер анықталған жағдайда, карантиндік фитосанитарлық бақылауды және қадағалауды немесе ветеринарлық-санитарлық бақылауды және қадағалауды бөлімшелерінің лауазымды адамдары тексеруді жүзеге асырады;
5) кететін адамдарды аэровокзал ғимаратынан әуе кемесінің тұрағына дейін тасымалдау шекаралық нарядының бақылауымен немесе алып жүруімен жүзеге асырылады.
18. Басқышты айдап әкету және әуе кемесін жабу шекаралық наряды жетекшісінің рұқсатымен жүргізіледі.
Әуе кемесі жабылғаннан және басқышты алып кеткеннен кейін оның ұшуына дейін (өз бетімен қозғалуы алдында) шекаралық наряд оны қадағалауды жүзеге асырады.
Әуе кемесі кеткеннен кейін енгізілген қосымша режимдік шектеулер алынып тасталады.
19. Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқығы жоқ транзиттік және трансферттік жолаушылар баратын мемлекетке кіру құқығына тиісті түрде ресімделген құжаттары және Қазақстан Республикасының аумағындағы қайта отырғызу әуежайынан ұшу күнін растайтын авиабилеттері бар болған жағдайда әуежайдың транзиттік залында немесе әуежай қонақүйінің визасыз (бақыланатын) аймағында орналастырылады. Аталған адамдардың Қазақстан Республикасынан аумағынан өз уақытында кетуін тасымалдаушы мен әуежайдың транзит қызметі қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 30 қарашадағы
№504 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды автомобиль өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың
үлгілік схемасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды автомобиль өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы (бұдан әрі – Үлгілік схема) бақылаушы органдар бөлімшелерінің (бұдан әрі – бақылаушы органдар) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) автомобильлдік өткізу пункттерінен (бұдан әрі – өткізу пункттері) кесіп өтетін адамдарға, көлік құралдарына, жүктер мен тауарларға қатысты шекаралық, кедендік, санитарлық-карантиндік, карантиндік фитосанитарлық, мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және/немесе қадағалауды жүзеге асыруы кезінде өткізуді ұйымдастыру схемасын айқындайды.
2. Бақылаушы органдар қызметті үйлестіру жолымен бақылауды өткізу уақытын барынша азайтуға және бақылау операцияларын өткізуге берілген уақытты негізсіз созуға жол бермеу бойынша шараларды қабылдайды.
3. Көлік құралдарын тексеріп қарауды өткізу пунктінің тексеру алаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шекаралық бақылау бөлімшесімен (бұдан әрі – шекаралық бақылау бөлімшесі), адамдардың, көлік құралдарының, жүктер мен тауарлардың Мемлекеттік шекара бұзушыларды анықтау және ұстау мақсатында жүргізіледі.
4. Кеден істері саласындағы құқық бұзушылықтар (қылмыстар) фактілерін анықтау және Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды жүзеге асыруда оның өткізу уақытын қысқарту, кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында инспекциялық тексеріп қарау кешені қолданылады.
Кедендік бақылау бөлімшесі пайдаланатын инспекциялық тексеріп қарау кешенімен жарақтандырылған өткізу пункттерінде шекаралық бақылау бөлімшесі оларды қолданумен қарап тексеру нәтижелерін мойындайды.
Жеке жағдайларда көлік құралдарын, жүк және тауарларды тексеру шекаралық және кедендік бақылау бөлімшелерімен бірлесіп жүргізіледі.
5. Әрбір автомобиль өткізу пункттерінде оның ерекшеліктеріне байланысты (санаттары, сыныптары, инфрақұрылымының және техникалық жарақтануының дамуы, Мемлекеттік шекара сызығынан қашықтығы, жыл уақыты) Үлгілік схеманың негізінде бақылау органдары басшыларының бірлескен шешімімен Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізуді ұйымдастыру схемасы (бұдан әрі – өткізуді ұйымдастыру схемасы) әзірленеді және бекітіледі.
Өткізуді ұйымдастыру схемасында тиісті өткізу пунктінің жергілікті жағдайын есепке ала отырып мемлекеттік бақылаудың барлық түрлерін жүзеге асырудың ұзақтығы белгіленеді.
Кедендік және басқа да бақылаушы органдары жоқ өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастыру схемасын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрама (бөлім) командирі бекітеді.
6. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс тәртібі тәулік бойы емес өткізу пункттерінде көлік құралдарының жиналып қалмауын болдырмау мақсатында Мемлекеттік шекара арқылы өткізуді тоқтатқаннан кейін, өткізу пункттерінің аумағындағы автокөлік құралдарына қатысты кедендік операцияларды жүргізу шекаралық бақылау бөлімшесінің келісімі бойынша рұқсат етіледі.
2. Өткізу пункті аумағына адамдардың, көлік құралдарының, тауарлар мен жүктердің келуі кезінде бақылаушы органдардың іс-қимылдары
7. Қазақстан Республикасының аумағына кіретін көлік құралдарының өткізу пункттеріне келуі кезінде бақылаушы органдар мынадай негізгі бақылау операцияларын жүзеге асырады:
1) шекаралық бақылау бөлімшесі:
өткізу пунктіне кіру кезінде көлік құралдарын тіркейді;
автокөлік құралдарында баратын адамдардың Қазақстан Республикасына кіруіне және Қазақстан Республикасынан шығуына құқық беретін құжаттарын тексереді және шекаралық бақылау нәтижелерін ақпараттық жүйеге енгізеді;
автокөлік құралдарын қажет болған кезде кедендік бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғаларымен бірлесіп тексеріп қарайды;
адамдарға және көлік құралдарына одан әрі жүру құқығын беру туралы шешім қабылдайды;
2) кедендік бақылау бөлімшесі:
автокөлік құралдарын есепке алу автоматтандырылған жүйесін қолдана отырып, көлік құралдарының кіруін тіркейді;
радиациялық бақылаудың автоматтандырылған жүйесін және/немесе радиациялық бақылаудың ауыспалы техникалық құралдарын қолдана отырып, радиациялық бақылауды жүзеге асырады;
көлік құралдары мен тауарларды кедендік ресімдейді және кедендік бақылауды жүзеге асырады;
автокөлік құралдарын шекарлық бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғаларымен бірлесе қарап тексереді (қажет болғанда);
көліктік бақылау Қазақстан Республикасы заңнамасына және Қазақстан Республикасымен ратификациялаған халықаралық келісімдеріне сәйкес рұқсат құжаттарының бар болуы мен қолданылуын тексеру арқылы, автокөлік құралдарында баратындардың салмақтық және көлемдік параметрлерін қолда бар бақылау жүйесімен анықтау арқылы жүзеге асырады;
санитарлық-карантиндік қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асады;
3) карантиндік фитосанитарлық бақылау және қадағалау, мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен ратификацияланған карантиндік фитосанитарлық бақылау және мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылайтын мен қадағалайтын бөлімшелерімен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік шекараның қазақстан-ресей учаскесіндегі автомобиль пункттерінде тек шекаралық бақылау жүзеге асырылады.
Барлық белгіленген бақылау түрлерін жүргізгеннен кейін шекаралық наряды өткізу пунктінің аумағынан көлік құралдарын шығаруды жүзеге асырады.
8. Қазақстан Республикасынан адамдар мен көлік құралдарының шығуы, тауарлар мен жүктердің шығарылуы кезінде бақылаушы органдар іс-қимылдарының дәйектілігі кері ретпен белгіленеді.
9. Мемлекеттік шекара арқылы өтетін жүк таситын көлік құралдары мен автобустарға, жаяу жүргінші тұлғаларға қатысты бақылауды жүзеге асыру бойынша бақылаушы органдардың іс-қимылдар бірізділігі әрбір автомобильдік өткізу пункті үшін оның ерекшелегіне сәйкес нақты анықталады.
Бақылаудың белгіленген түрлері өткізу пункттерінде ауыр науқасты тасымалдауға, жолаушыларды тұрақты тасымалдауды орындайтын автобустарға, сондай-ақ жануарларды, жылдам бұзылатын және қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде өткізу пункттерінде бақылаудың белгіленген түрлері Қазақстан Республикасымен ратификацияланған үкіметаралық келісімдердің және Қазақстан Республикасының «Автомобильдік көлік туралы» Заңының негізінде басымдылық тәртіпте жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 30 қарашадағы
№504 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды теміржол өткізу пункттерінен өткізуді ұйымдастырудың
ҮЛГІЛІК СХЕМАСЫ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол өткізу пункттерінде (әрі қарай - Үлгі схемасы) адамдардың, көлік құралдарының, жүктер мен тауарлардың өткізілуін ұйымдастырудың үлгілік схемасы бақылаушы органдардың бөлімшелерімен (бұдан әрі – бақылаушы органдар) жүзеге асырылу кезінде өткізуді ұйымдастыруды, атап айтқанда: шекаралық, кедендік, санитарлық-карантиндік, карантиндік фитосанитарлық, мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және/немесе қадағалауды, сондай-ақ теміржол өткізу пункттерінде (бұдан әрі – өткізу пункттері) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін адамдарға, жүктер мен тауарларға қатысты теміржол стансалары әкімшіліктерінің іс-қимылдарын айқындайды.
2. Қызметті үйлестіру жолымен бақылаушы органдар мен тасымалдаушы халықаралық қатынас поездары (бұдан әрі - поездар) қозғалысында бақылау өткізу уақытын мейлінше азайту және негізсіз кідірістерді болдырмау бойынша барлық мүмкін шараларды қолға алады.
3. Бұзушылықтар анықталған жағдайда бақылаушы органның лауазымды тұлғасы поезд бастығын және теміржол стансасы бойынша кезекшіні, кейіннен поезд бастығына кідіріс актісінің берілуімен, кідірістің себептері мен болжанатын ұзақтығы туралы хабардар етеді, сондай-ақ поездық бригадалар қызметкерлерінің тарапынан бұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу реестрінде № 2810 нөмірімен тіркелген «Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау қағидаларын тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 324-І бұйрығымен бекітілген рейстік журналға тиісті жазба жазады.
4. Теміржол стансасының әкімшілігі поездың келуіне бір сағат қалғанда, бақылаушы органдарға поездың өткізу пунктіне келуі – уақыты, тұрақ орны (теміржол жолдары) және жолаушылар саны, сондай-ақ өткізу пункттері арқылы өтетін, жүк поездарының алдын-ала саны, вагондардың типтері және жүктер мен тауарлардың сипаты туралы ақпарат береді.
5. Жолаушылар поездарының поездық бригада қызметкерлері поездың өткізу пунктіне келуіне дейін бақылауға арналған құжаттардың, қол жүгінің дайын болуымен, сондай-ақ толтырылған көші-қон карталарымен және кедендік декларацияларымен (қажетті жағдайда) жолаушылардың өз орындарында болуын қамтамасыз етеді.
6. Бақылау өткізілу кезінде жолаушылар вагондарда тек бақылаушы органдардың рұқсатымен ғана жүріп-тұра алады. Бақылау өткізу уақытында вагон-ресторандардың жұмысы тоқтатылады.
7. Жолаушылар поездарында жолжүгі вагондарының болуы кезінде бақылаушы органдар олардың сырттай қаралуын, тасымалданатын жүктер мен тауарларға қатысты тасымалдау және жөнелтпе құжаттарды тексеруді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының аумағына кіргізген кезде жолжүгі вагондарындағы жүк кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес кедендік мағлұмдауға жатады.
8. Поездардың және ондағы тасымалданатын жүктердің тексерілуі, кедендік бақылау бөлімшесімен бірлесе Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзушыларды анықтау және ұстау мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі шекаралық бақылау бөлімшесімен (бұдан әрі – шекаралық бақылау бөлімшесі) өткізу пунктінің арнайы жайластырылған аймағында жүргізіледі.
9. Бақылаушы органдар тексерудің аяқталғандығы туралы теміржол стансасы бойынша кезекшіге хабарлайды.
10. Жүк және жолаушылар поездарының Мемлекеттік шекара арқылы өтулері кезінде, кедендік бақылау бөлімшесімен автоматтық немесе қол режимінде радиациялық бақылаудың техникалық құралдарының пайдаланылуымен радиациялық бақылау жүргізіледі.
Қазақстан Республикасынан шығуға және/немесе Қазақстан Республикасына кіруге қатысты жүк және жолаушылар поездарының өтулері кезінде, радиоактивтік материалдардың болуына қатысты радиациялық бақылаудың автоматтандырылған жүйелерінің (әрі қарай – РБАЖ) іске қосылуы жағдайында, кедендік бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғасы жылжымалы құрамды тоқтату, қайта тексеру жүргізу, ал расталған жағдайда – РБАЖ тасымалды құралдарын пайдаланумен иондаушы сәулелену көздерін оқшауландыру және сәйкестендіру үшін кедендік бақылау бөлімшесі мен теміржол қызметінің басшылығына хабарлайды.
11. Инспекциялық тексеріп қарау кешендерін (ИТҚК) пайдаланумен өткізу пункттерінде теміржол көлігін тексеру Қазақстан Республикасының және шектес мемлекеттердің аумақтық кедендік бақылау бөлімшесінің және теміржол қызметтерімен бекітілетін, теміржол құрамдары, азаматтық тұлғалардың, оның ішінде жүктерді алып жүретін адамдардың саны туралы ақпараттың берілу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
12. Әрбір теміржол өткізу пункттерінде оның ерекшеліктеріне байланысты (санаттары, сыныптары, инфрақұрылымының және техникалық жарақтануының дамуы, жыл уақыты) Үлгілік схеманың негізінде бақылау органдары теміржол ұйымдары басшыларының бірлескен шешімімен Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізуді ұйымдастыру схемасы (бұдан әрі – өткізуді ұйымдастыру схемасы) әзірленеді және бекітіледі.
Кедендік және басқа да бақылаушы органдары болмаған, теміржол өткізу пункттерінде, өткізуді ұйымдастыру схемалары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі құрамасының (бөлімінің) командирі және теміржол ұйымының басшысымен бірлесіп бекітіледі.
Жолаушылар поездарының қозғалыс кестесі мен тұрақтарына сәйкес, өткізуді ұйымдастыру схемаларында бақылау операцияларын жүзеге асыру ұзақтығы белгіленеді.
13. Поезд кешігіп келген жағдайда шекаралық, кедендік және басқа да бақылау түрлерін жүзеге асыруға бөлінген уақытты қысқартуға болмайды.
2. Халықаралық қатынас поездарының Қазақстан Республикасының өткізу пункттері аумағына келуі кезіндегі бақылаушы органдардың іс-қимылдары
14. Жұмыс басталар алдында, бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары поезд бастығынан поездағы сырқат, сырқаттары болуға күдікті тұлғалар, поезға заңсыз кіріп кеткен тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасына кіру құқығына құжатсыз болып отырған тұлғалар, Қазақстан Республикасына (нан) әкелуге/шығаруға Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасымен тыйым салынған жүктер туралы ақпаратты нақтылайды.
15. Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды және жүктерді тасымалдау кезінде жүктердің санитарлық-карантиндік жағдайы және адамдардың денсаулық жағдайының нашарлау қаупі болған жағдайда бақылаудың басқа түрлерін жүргізгенге дейін санитарлық-карантиндік қадағалау жүзеге асырылады.
16. Жолаушылар поездарының шекаралық бақылауы жекелеген жағдайларда Мемлекеттік шекара сызығынан өткізу пунктіне дейін және кері бағыттағы қозғалысы барысында, сондай-ақ поездар жүрісінің транзиттік учаскелерінде олардың шекаралық нарядтарымен бірге жүруімен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік шекара арқылы теміржол көлігімен өтетін адамдардың құжаттарын тексеру тікелей шетелге баратын поездар вагондарында немесе шекаралық стансалардың жабдықталған залдарында, сондай-ақ теміржол стансасының платформасында жүзеге асырылады. Теміржол өткізу пунктіндегі шекаралық бақылауды жүзеге асыру бірізділігі нақты жағдайларға, тұрақ уақытына, транзиттік учаскелердің болуына және өткізу пункттерінің басқа ерекшеліктеріне байланысты болады.
17. Вагондардың ішкі бөлігін тексеру, поездық бригадалар мүшелерін тарта отырып, Мемлекеттік шекара арқылы өтетін адамдардың құжаттарын бір уақытта тексерумен, Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзушыларды анықтау және ұстау мақсатында шекаралық нарядтары жүзеге асырады.
18. Қазақстан Республикасына кіру кезінде кедендік, ал қажет болған кезде қол жүгі мен багаж бақылауының басқа да түрлері, шекаралық нарядтарымен олардың иелерінен Қазақстан Республикасына кіру құқығына қатысты құжаттарды тексеруден кейін жүргізіледі. Қазақстан Республикасынан шығу кезінде бақылау кері реттілікте жүзеге асырылады.
19. Жүру жолы аяқталған, шекараның ар жағынан келген жолаушылардың шығуы, поездың қалған вагондарындағы бақылау аяқталғанын күтпестен, вагондағы шекаралық және кедендік бақылау аяқталғаннан кейін рұқсат етіледі.
20. Жүру жолы өткізу пунктінде аяқталатын, шекараның ар жағынан келген жолаушыларға қатысты бақылаудың шекаралық, кедендік және басқа да түрлері, сондай-ақ бақылаушы органдармен сол үшін арнайы жабдықталған өткізу пунктінің ғимаратында жүргізіледі.
21. Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық шарттарға, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес санитарлық-карантиндік бақылауды, карантиндік фитосанитарлық бақылауды және қадағалауды, мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және қадағалауды және өзге түрлерін жүргізу қажетті тауарлардың, жүктердің орындарын ауыстыруы кезінде тауарларды кедендік рәсімге қоюға тек тиісті бақылаудан кейін ғана рұқсат етіледі.
22. Кедендік бақылау бөлімшесі, берілуі Қазақстан Республикасы Кедендік одақтың кедендік заңнамасымен қарастырылған,