Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі - Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттерде жазды.
«Елбасы Қазақстан астанасында, Нұр-Сұлтан қаласында. Қасақана жалған және екіұшты ақпарат таратпауды сұраймыз. Елбасы бірнеше консультативті кездесулер өткізіп жатыр және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен тікелей байланыста», деп жазды Айдос Үкібай Твиттер парақшасында.
Сонымен бірге Н. Назарбаев Қазақстанмен дос мемлекеттердің басшыларымен телефон арқылы сөйлескен.
«Елбасы қазіргі сын-қатерлерді еңсеріп, еліміздің тұтастығын қамтамасыз ету үшін барлығын Қазақстан Президенті маңында жұмылуға шақырады», дейді А. Үкібай.