Содырлар елордадағы Президент резиденциясын басып алмақ болған. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алматы мен 9 облыс орталығы бандиттердің қолына өтті. Біз контртеррористік режим жарияладық. Қазақстан ҰҚҰШ-ға жәрдем көрсету өтінішін жасады. Ол дер уақытында орын алды. Елордаға үш әскери-көлік ұшағының келгенін білген содырлар президенттік резиденцияны басып алу жоспарларынан бас тартты. Бұл бізге қосымша күшті Алматыға жіберуге және қаланы содырлардан қайтарып алуға мүмкіндік берді», деді Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында.
Айта кетейік, бүгін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясы өтіп жатыр. Жиын Қазақстан тарапының бастамасымен шақырылды.