• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Қаңтар, 2022

Қыдыруды уақытша тоқтату керек – Ералы Тоғжанов

5970 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустың өршуіне байланысты той-жиынды, отбасылық мерекелерді, негізсіз бас қосу мен қыдыруды уақытша тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Құрметті азаматтар! Бүгінде елдегі қоғамдық-саяси жағдай тұрақталды. Қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Алайда коронавирус індеті өршіп барады. Сондықтан маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және т. б. алдын алу шараларын қолдану қажет. Тойды, жиынды, отбасылық мерекелерді, негізсіз бас қосуды, қыдыруды уақытша тоқтату керек. Ауру адамдар оқшаулану керек. Бұл – бүгінгі күннің, бүгінгі жағдайдың талабы. Бұл – айналадағы сіз жақсы көретін адамдарға қауіп төндірмеудің жолы! Бұл – жалпы саналы қоғамның әр азаматының мойнына алатын жауапкершілігі», деді Е. Тоғжанов ОКҚ-да өткен брифинг кезінде.