ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттердегі парақшасында халықаралық инвесторларға үн қатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстан халықаралық қоғамдастықпен жан-жақты ынтымақтастыққа әрқашан дайын. Еліміз бен халқымыздың игілігі үшін серіктестерімізбен арадағы тығыз байланыстарды нығайту ісін жалғастырамыз. Біздің «ашық есік» инвестициялық саясатымыз да өзгермейді», делінген Президенттің жазбасында.