• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Наурыз, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №47

260 рет
көрсетілді

2014 жылғы 4 ақпан, Астана, Үкімет Үйі «Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы  5 желтоқсандағы №1467 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Реттеліп көрсетілген қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы №1467 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №6, 124-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: Көрсетілген қаулымен бекітілген Реттеліп көрсетіл­ген қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставка­ла­рын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік ставкаларды бекіту кезінде шығындары ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді табиғи монополияларды субъектілерінің сатып алу қағидаларында: 5-тармақта: 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) газ тапшылығы болған кезде оның импортын жүзеге асыратын ұйымдардан газ сатып алу;»; Мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықты­рылсын: «5) Қазақстан Республикасының жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр энергиясын сатып алу жағдайларын қоспағанда, стратегиялық тауар өндірушілерден тікелей сатып алуды жүзеге асырады.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі            С.АХМЕТОВ.