• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 27 Қаңтар, 2022

Азияның әлемдік экономикадағы рөлі айтарлықтай артты – Қ.Тоқаев

2362 рет
көрсетілді

Азияның әлемдік экономикадағы рөлі айтарлықтай артты. Бұл туралы «Орталық Азия – Үндістан» саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Осы саммиттің біздің елдер арасында дипломатиялық қатыныстардың орнауына 30 жыл толған мерзімде өтіп жатқаны символдық мәнге ие», деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті осы жылдар ішінде тараптар сындарлы саяси диалог орнатқанын, тұрақты түрде экономикалық әрі гуманитарлық байланыстар нығайтылғанын атап өтті.

«Азия өңірі ауқымды ресурстарға және елеулі зияткерлік әлеуетке ие болып отыр. Осында маңызды көліктік дәліздер мен жылдам өсіп келе жатқан нарықтар шоғырланған. Азияның әлемдік экономикадағы рөлі айтарлықтай артты. Ол инвестиция мен капталдың тартылуының жаһандық жаңа орталығына айналып келеді. Бұл өз кезегінде біздің елдер арасында өзара тиімді ынтымақтастықтың қолайлы мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін үлкен перспективаны ашып отыр. Бірінші кезекте ол саудаға қатысты болып тұр», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.