• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Теннис 28 Қаңтар, 2022

Данилина мен Майя жұбы – финалда

146 рет
көрсетілді

Қазақстанның жұптық сындағы бірін­ші ракеткасы Анна Данилина Аус­тра­лия ашық чемпионатының финалына шықты.

Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге жартылай финалда жарыстың 2-ракеткалары, жапониялықтар Сюко Аояма – Ена Шибахарамен шеберлік байқасты. Анна мен Беатрис жуырда ғана Сиднейдегі WTA турнирінде бұл қарсыластарын тізе бүктірген болатын. Бұл жолы бірінші партияда қазақстандық-бразилиялық жұп басым түсті – 6:4. Екін­шісінде жапониялықтар есе қайтарды – 7:5. Үшінші, шешуші сетте Анна мен Беатрис қайтадан таразы басын өздеріне аударып, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Анна Данилина өзінің спорттық жолында алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шықты. Анна мен Беатрис финалда доданың 1-ракеткалары, чехиялықтар Барбора Крейчикова және Катерина Синяковамен кездеседі.

Сонымен қатар осы турнирдің жас­өспірімдер арасындағы бәсекесінде өнер көр­сеткен отандасымыз Аружан Сағындықова жұптық сынның жартылай финалына шыға алмады. 17 жастағы А.Сағындықова ресейлік Екатерина Хай­рутдиновамен бірге ширек финалда канадалықтар Кайла Кросс – Виктория Мбокомен кездесіп, 2:6, 2:6 есебімен қарсыластарына жол берді.