• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экология 02 Ақпан, 2022

Утильдік алым мөлшері көпшілікпен келісіп бекітіледі – министр

3642 рет
көрсетілді

Бұл туралы ҚР Эколгия және геология министрі Серікқали Брекешов Мәжіліс отырысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Серікқали Брекешев автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларына кәдеге жарату төлемі мөлшерлемесі жұртшылықпен келісілгеннен кейін бекітілетінін айтты.

«Кәдеге жарату алымының мөлшерлемесін қайта қарау бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Мен үш-төрт жұмыс тобын жеке автокөлік құралдары, ауыл шаруашылығы техникасы, кабель-өткізгіш өнімдері, қаптама және т.б. бойынша кездесу өткіздім.

Бүгінде кабель-өткізгіш өнімдері бойынша кәдеге жарату алымының мөлшерлемесі нөл болады деген шешім қабылданды. Алдымен кабель-өткізгіш өнімдері (КӨӨ) бойынша төлемдерді қабылдау күнін 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін ауыстыруды жоспарладық, бірақ содан кейін КӨӨ бойынша төлемнің нөлдік мөлшерлемесін алу туралы шешім қабылданды, ол мерзімсіз болады. КӨӨ бойынша кәдеге жарату алымы төленбейді», деді министр.

Сондай-ақ министр «Жасыл даму» АҚ міндеттемелері кеңейгенін, толық жұмыс істейтінін айтты.

«Қазір тергеу шаралары жүріп, құжаттар мен жүйе өткізіліп жатыр. Ол жүйе демалыс күні ғана қосылды, мамандар жұмыс істеп жатыр. Дүйсенбіден бастап ол қалыпты режимде жұмыс істейді. Кәдеге жарату төлемдері қабылданады, министрлікте заң блогы, цифрлық технологиялар, бюджеттік жоспарлау департаменті өкілдерінен комиссия құрылды. Олар қазір жұмыс істеп жатыр және «ӨКМ Операторының» қызметіне сәйкес ақша қаражатының барлық түсімі мен шығыстарын қарайды», деді ол.