Жалпы қазақ халқы үшін жеті саны оң жамбасқа келетін цифр. Қазақстандағы тұңғыш автокөлік зауытының жұмыс істей бастағанына жеті жыл өтіпті. Бір қарағанда, көп уақыт емес. Бірақ әлемдік қаржы дағдарысы кезінде де тоқтап қалмай, аяқ алысынан жаңылмаған зауыт ұжымы жаңа жылдан бастап биік белестерге қадам баса бастады. Мәселен, осыдан небәрі төрт күн бұрын аталмыш ұжым “Шевролет-Крузо” маркалы көлігін шығарса, енді Оңтүстік Кореяның “KІA” концернінің тұлпарларын шығаруды қолға алды.
2010 жылдың 12 мамыры. Өскемендегі “Азия Авто” АҚ қазақстандық автоқұрастыру зауытының қуаттылығында “KІA” автомобильдерінің сериялық өндірісінің салтанатты іске қосылуы болды. Бұл жолы қазақстандық өндірушісі үшін жаңа үлгілер қатары маркалары жолсызда жүре алатын KІA Mohave және KІA Sorento, седан KІA Ceratoмен ұсынылып отыр.
“KІA motors corp.” Батыс Еуропа мен ТМД бойынша аймақтық офис президенті Эйч Ти Ли мырза өткізіліп жатқан рәсім шеңберінде шығыс Қазақстан облысының басшысы Бердібек Сапарбаевқа “Азия Авто” АҚ жаңа өндірістік бағытына қолдау жасап жүргені үшін алғыс білдірді және зауыт конвейерінің концерн автомобильдерін өндіруге толық дайын екенін атап көрсетті.
– Өткізілген сынақ нәтижелері шығарылған автомобильдердің қанатқақты топтамасының жоғары сапасын растайды. “KІA motors corp.” және “Азия Авто” ынтымақтастығы біздің маркамыздың қазақстандық рынокта екінші рет дүниеге келуі болып саналатынына сенемін”. Корей маркалары автомобильдері өндірісінің келешегін аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев осылай деп бағалады. Облыс әкімінің айтуынша “Азия Авто” қуаттылығы дүниежүзілік жетекші автомобиль компанияларымен байланыс жасауға мүмкіндік береді. Біздің оңтүстіккореялық серіктестерімізге Ли мырзаның атынан “Азия Автоны” қалағандары үшін алғыс білдіргім келеді. Енді, Қазақстанда, “Азия Авто” зауытымен жасап шығарылған автомобильдер де жүреді деп кәміл сенемін. Бұдан басқа, біздің көршілеріміз де – Орталық Азия елдері, Сібір, Ресейдің бір бөлігі “KІA motors” компаниясының автомобильдерімен қамтамасыздандырылады.
“Бипэк Авто” (“Азия Авто” АҚ құрамына кіреді) компания топтары директорлары кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкиннің айтуынша “KІA motorsпен” серіктестік қатынастар ұзақ, бірақ жемісті келіссөздердің нәтижесі болып отыр.
– “KІA mоtors” қазіргі таңда Оңтүстік Кореяның ірі автомобиль өндірушісі болып табылады, Еуропа және АҚШ рыногында көшбасшылық жайғасымда тұр. KІA ресейлік рынокта ең танымал сауда белгілері ішіне кіреді. Сондықтан біздің жаңа серіктесімізбен стратегиялық қатынасты бастау – бұл қазақстандық сатып алушыларға, өте ұнамды ұсыныс жасай алу мүмкіндігі, – дейді Балушкин мырза.
KІA ceratoның базалық құрылғылары нұсқасына кіреді: жолаушылардың және жүргізушінің алдыңғы қауіпсіздік жастықтары, иммобилайзер, ауабаптағыш, сыртқы айналарды, алдыңғы және артқы әйнек көтергіштерді реттеу электржетегі, орталық құлып, артқы тұманға қарсы фаралар, руль бағанын реттеу, 12v розетка, аудиожүйе (radіo +cd +mp3, aux & usb, 6 динамиктер. KІA ceratoның белгіленген жиынтылықтағы құны 14 900 АҚШ долл. құрайды.
KІA sorento кроссовері механикалық трансмиссиямен үйлескен көлемі 2.4l қозғалтқышты бензинімен және автоматты берілістер қорабы бар 3.5l агрегатымен жиынтықталады. Базалық нұсқасына жолаушылардың және жүргізушінің алдыңғы және бүйірлік қауіпсіздік жастықтары, қауіпсіздік пердешелері, аударылу көрсеткіші, abs, иммобилайзер, оңай балқитын 17'’ дискілері, тұманға қарсы фаралар, арақашықтықтан басқару орталық құлпы, борттық компьютер, екі аймақты климат-бақылау, интерьерді жартылай былғарымен және хромдалған элементтермен әрлеу, отырғыштар жылытуы, тұрақтың артқы көрсеткіші, аудиожүйе (rds radіo +cd +mp3, aux +usb +іpod кабелі, 6 динамиктер) және құрылғылардың бірнеше қатары кіреді. Үлгі жиынтылықтың үш тұрпатында қолжетімді болады. KІA sorento алғашқы құны 25 000 АҚШ долл. құрайды.
“Premіum” жиынтылығы құрамына smart key жүйесі және қозғалтқышты түймемен қосу, салондық айнадағы дисплейдегі артқы көрініс камерасы, оңай балқитын 18'’ доңғалақты дискілері, артқы отырғыштардың 2 қатары, қосымша қауіпсіздік жастықтары, круиз-бақылау, cd-чейнджер, қосымша акустика, интерьерді былғарымен әрлеу, диодтыжарық оптикасы кіреді.
Орта мөлшерлі жолсызда жүре алатын KІA mohave алғашқы кезеңінде executіve (көлемі 3.8l бензиндік қозғалтқыш + 5 сатылы автоматты берілістер қорабы) жиынтықтығында ұсынылады.
Қорыта айтқанда, “Азия Автоның” болашағы зор. Аманшылық болса, біраз уақыттан кейін жаңа зауыттың құрылысы басталмақ. Оған қаржы бар, өңір басшысы Б.Сапарбаев 50 га жерді бөліп беруге тапсырма берді. “Азия Автоның” құлашын кеңге сермеп, біраз уақыттан кейін жылына 120 мың дана көлік шығара алатынына мүмкіндік толық.
Оңдасын ЕЛУБАЙ, ӨСКЕМЕН.