• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 28 Ақпан, 2022

Эвакуация мәселесі Президенттің бақылауында – Берік Уәли

2765 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаевтың Қазақстан азаматтарын елге жеткізу үшін қабылданған шаралар жөніндегі есебін тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.   «Жалпы, Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрлігінің, елшіліктер қызметкерлерінің және Қазақстанның Украина мен Польшадағы құрметті консулдарының түрлі қиындықтарға қарамай, атқарып жатқан жұмыстарын оң бағалайды», делінген хабарламада.   Қазіргі уақытта ҚР Үкіметі Катовице (Польша) – Атырау – Алматы бағыты бойынша репатриациялық рейстерді ұйымдастыру мәселесін пысықтады. Қазақстан азаматтарын елге жеткізетін бірінші рейс бүгінге жоспарланған.   «Азаматтарымызды Украинадан алып келуге қатысты мәселе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында», деп жазды Берік Уәли.