• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Үкімет 06 Сәуір, 2022

Әлеуметтік мәселе кезең-кезеңімен шешіледі – Ералы Тоғжанов

518 рет
көрсетілді

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов Мәжіліске келіп, депутаттарға халықтан түскен өтініштерді үкімет қалай қарап жатқанын баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Әлеуметтік саланың барлық сұрағын шұғыл, бір-екі жылдың ішінде шешу мүмкін емес екені өздеріңізге белгілі. Кейбір мәселелер елдің экономикалық мүмкіндіктері ескеріле отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Сондықтан зейнетақы жүйесіне қатысты, әлеуметтік төлемдердің көлеміне қатысты нақты сұрақтар әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодекс аясында, өздеріңізбен бірге қарастырылатын болады», деді Тоғжанов. 

Баяндамашының сөзіне сүйенсек, депутаттар мен үкіметке келіп жатқан өтініштердің мәні бірдей – нақты табысты арттыруға, кедейлік деңгейін төмендетуге қатысты.

Депутаттардың өңірлерге сапары барысында екі мыңға жуық сұрақтар көтерілген. Үкіметке азаматтардан 1800 өтініш тікелей келіп түскен.