• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Сәуір, 2022

Мобильді қоғамдық қабылдаулар – шалғай ауылдарда

426 рет
көрсетілді

Amanat партиясының мобильді қоғамдық қабылдау бөлмелерінің аймақтарға сапары жалғасуда. Пар­тия мүшелері Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыс­тарында болып, бір күнде 250-ге жуық азаматты қабылда­ды. Сапар аясында барлығы 10 шалғай елді мекен қамтылды.

Партияның кезектен тыс ХХІІ съезінде Президент партия жұмысын қайта жандандыруды тапсырып, партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері шағымдармен ғана емес, елді дамыту бойынша нақты идеялармен келетін азаматтар үшін тартымды орынға айналуы керек екенін айтқан болатын.

Amanat партиясы Респуб­ликалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Азамат Біржанов көшпелі мобильді топтардың басты міндеті – тұрғындардың түйінді мәселелерді алға тартып келуін күту емес, оларға өздері бару екенін атап өтті. «Шалғай ауылдардың тұрғындары облыс орталығына жету үшін 300 шақырым жүру қажет. Ал жолдың нашарлығынан қарттар мен көлігі жоқ адам­дарға діттеген жеріне жету тіптен қиын. Сондықтан алда­ғы уақытта мұндай қабыл­даулар Қазақстанның барлық өңірінде болады», деді ол.

Қабылдаулар кезінде Түркістан облысына қарасты Жеңіс ауылының тұрғыны Әуес­күл Үздеубай ауылдық емхана жанынан дәріхана ашуға кө­мек сұраса, жергілікті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ас­қар Жаңабекұлы ауылға газ құбырын тарту мәселесін кө­терді. Ал Жеңіс ауылының тұрғыны Әділбек Ұсманов су тапшылығы мен оның қым­баттығына назар аударды.

«Р-6 каналы» 1967 жылы салынған. Бұрын су сыйым­дылығы секундына 2 000 текше метр болса, қазір 1 400-ге азайған. Арықтың бойында жүзден астам шаруақожалығы бар. Жаңа жайылым жерлерге су жеткізу қиын. Сонымен қатар мың текше метр үшін тариф – 800 теңге, бұл өте қымбат. Барлық су арналарына күрделі жөндеу қажет. Ал сапалы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мамандар мен жергілікті тұрғындардан бақылау комиссиясы болуы қажет», деді ауыл тұрғыны.

Аманаттықтар Түркістан облысына қарасты Жеңіс, Ақтөбе, Темір, Қарақоңыр жә­не Қоғам сияқты барлығы 5 ауылға барып, тұрғындарды маза­лаған фермерлік шаруашы­лықты субсидиялау, мектеп пен балабақша салу, жер телім­дерін бөлу секілді өзекті мәселелерді талқылады.

Сапар аясында Amanat мобильді бригадалары Сол­түстік Қазақстан облысын­да­ғы шалғай елді мекен­дердің тұр­ғындарын қабыл­дады. Партия мүшелері Кел­леровка, Имантау, Ясная Поляна, Далматово, Қиялы ауылдарында болды.

Қабылдаулар кезінде Кел­леровка ауылының тұрғындары азық-түлік бағасын реттеп, дене­шынықтыру-сауықтыру ке­шенін салу мүмкіндігін қарас­тыруды және көшеге жарық орнатуды сұрады. Ауыл хал­қының су жүйелері жұмы­сына қатысты да шағымдары көп. Мобильді қоғамдық қа­был­дау бөлмесі мүшелерінің ай­туынша, дәл осы мәселе әрбір ауданда көтерілген. Ал Кел­ле­ровкада орталық сумен жаб­дық­тау мүлде болмаған, тұр­ғын­дар әлі күнге дейін суды арнайы пункттерден сатып алуға мәжбүр.

«Келлеровкада 2,5 мың адам тұрады және XXI ғасырда суға қатысты осындай проблемалардың болуы, әрине, өте қолайсыз. Біз бұл мәселені Экология министрлігінде де көтереміз», деп атап өтті пар­тияның Республикалық қоғам­дық қабылдау бөлмесінің мең­герушісі Әлия Садырбаева.

Бұған дейін мобильді қоғам­дық қабылдаулар Ақмола, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарына барған болатын. Шалғайдағы 147 ауыл­дың 1 500-ден астам тұр­ғы­­ны өзекті мәселелерін көте­руге мүмкіндік алды. Оның ішінде су және газбен жабдық­тау, жолдарды жөндеу, жайылымдар мен шабындық жерлер беру, интернетке қолже­тім­ділікті қамтамасыз ету секілді маңызды мәселелер бар.

Естеріңізге сала кетейік, пар­тияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жыл басынан бері 40 мыңнан аса адам жүгінген. Тұрғындарды негізінен әлеу­меттік қамсыздандыру (32%), тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық (14%), тұрғын үймен қамтамасыз ету және жер учаскелерін бөлу (11%) тол­ған­дырады. Мемлекеттік орган­­дар­дың басшылары мен түрлі деңгейдегі депутаттар 8 мың­нан астам қабылдау өткізіп, 22 мың адамды қабылдады.

Сонымен бірге партияның респуб­ликалық қоғамдық қа­былдау бөлме­сінің базасында отбасы, әйелдер және ба­ла­лардың құқықтарын қорғау, сон­дай-ақ тұрмыстық зорлық-зом­бы­лыққа қарсы іс-қимыл мәсе­лелері бойынша «111 шұ­ғыл қызметі» арнайы байланыс орталығы жұмыс істейді.