• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
08 Сәуір, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №55

207 рет
көрсетілді

2014 жылғы 4 ақпан Астана, Үкімет Үйі «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін. 2. «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 200 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 22, 279-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   С. АХМЕТОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы №55 қаулысымен бекітілген «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің көші-қон полициясының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні; 2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін барынша рұқсат етілетін күту уақыты – 30 (отыз) минут; 3) барынша рұқсат етілетін қызмет көрсету уақыты – 10 (он) минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – шетелдік паспортқа не азаматтығы жоқ адамның куәлігіне толтырылған визалық жапсырманы жапсыру жолымен Қазақстан Республикасының визаларын («G2», «Е1», «Е2», «Е3», «D8» «К1», «К2», «К3», «L1», «L2», «М1», «М2», «Р8» санаттары) ұзарту, Қазақстан Республикасының визаларын ( «G2», «G4», «J3», «L1», «Р1», «Р2», «Р3», «Р4», «Р5», «Р6», «Р7», «Р8» санаттары) беру. 7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлгенi үшiн мемлекеттік баж алынады, ол 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) Қазақстан Республикасы кодексiнiң 538-бабына сәйкес мемлекеттiк баж төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен 50 пайыз­ды құрайды. Мемлекеттік баж төлемнің мөлшері мен күнін растайтын құжат (түбіртек) беретін Қазақстан Республикасының банктік мекемелері арқылы төленеді. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – дүйсенбiден бастап сенбiні қоса алғанда (дүйсенбi – жұма, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейiн түскi асқа үзiлiспен сағат 9-00-ден 18-00-ге дейiн, сенбiде сағат 9-00-ден 13-00-ге дейiн), демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен көрсетіледі. 9. Көрсетілетін қызметті алушы жеке өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі: 1) көрсетілетін қызметті алушының визаларды ұзарту/беру туралы жазбаша өтініші; 2) шетелдік паспорт не азаматтығы жоқ адамның куәлігі; 3) мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек; 4) «G2» санатындағы визаларды (емделуге) беру үшін - көрсетілетін қызметті алушыны стационарлық жағдайларда емдеу қажеттілігін не көрсетілетін қызметті алушының жақын туыстарының стационарлық емдеуде болуын растайтын Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары берген құжаттар қосымша ұсынылады. «G2» санатындағы визаларды ұзарту үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның немесе оның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелерінің жазбаша өтініші ұсынылады; 5) «G4» санатындағы визаларды беру үшін (Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын кәмелетке толмаған және шетелге уақытша шығуға ниет білдірген шетелдіктерге) Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың – олардың ата-аналарының (қамқоршылардың, қорғаншылардың) өтініштері қосымша ұсынылады; 6) «J3» санатындағы визаларды беру үшін (тұрақты тұруға – ішкі істер органдары беретін «J3» санатындағы визаларды этникалық қазақтарға және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген мемлекеттердің азаматтарына) қосымша ұсынылады: Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру туралы құжаттарды тапсырғанын растайтын ішкі істер органдарының анықтамасы; этникалық қазақтарға – олардың ұлттық тиесілігін растайтын құжаттар қосымша ұсынылады; 7) «D8» санатындағы визаларды ұзарту үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жазбаша өтініші қосымша ұсынылады; 8) «Е1», «Е2», «Е3» (миссионерлік) санаттарындағы визаларды ұзарту үшін - діни қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісілген, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген діни бірлестіктің жазбаша өтініші қосымша ұсынылады; 9) «K1», «K2», «K3» (отбасын біріктіруге) санаттарындағы визаларды ұзарту үшін осы санаттағы бастапқы визаны берген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі мекемелерінің өтініші негізінде шақырушы тараптың жазбаша өтініші қосымша ұсынылады; 10) «L1», «L2» (оқуға) санаттарындағы визаларды ұзарту үшін көрсетілетін қызметті алушы оқып жүрген Қазақстан Республикасында тіркелген білім беру немесе оқу орындары мәселелері жөніндегі уәкілетті органның не халықаралық ұйымның заңды тұлғасының, көрсетілетін қызметті алушы оқу практикасынан немесе тағылымдамадан өтіп жатқан Қазақстан Республикасында аккредиттелген оның өкілдігінің жазбаша өтініші қосымша ұсынылады; 11) «M1» (жұмысқа) санатындағы визаларды ұзарту үшін мыналар қосымша ұсынылады: осы санаттағы бастапқы визаны берген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі мекемелерінің өтініші негізінде шақырушы тараптың жазбаша өтініші; жұмысқа орналастыруға немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат, егер мұндай рұқсат «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидалары» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына сәйкес талап етілетін болса; 12) «М2» («М1» санатындағы визасы бар адамдардың асырауындағы отбасы мүшелеріне) санатындағы визаны ұзарту үшін қосымша: осы санаттағы бастапқы визаны берген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі мекемелерінің өтініші негізінде шақырушы тараптың жазбаша өтініші; асырауында көрсетілетін қызметті алушы бар адамға берілген немесе ұзартылған «M1» санатындағы визалардың көшірмесі қосымша ұсынылады; 13) «Р1» санатындағы визаларды (Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға шыққан кезде Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға) беру үшін қосымша: өтініш-сауалнама; шығатындардан заң бойынша алименттер алуға құқығы бар Қазақстан Республикасында тұратын адамдардан (ата-анасы және егер бірлескен некеден кәмелетке толмаған балалары болса, бұрынғы жұбайлары) олардың шығуына қарсылығы жоқ екені туралы нотариат куәландырған өтініш. Көрсетілетін қызметті алушы қандай да бір себептермен мұндай өтініштерді ала алмаған жағдайларда мәселе сот тәртібімен шешіледі; он сегіз жасқа толмаған адамдардың ата-анасының (қамқоршысының, қорғаншысының) біреуімен шетелдікпен немесе азаматтығы жоқ адаммен тұрғылықты тұруға бірге шығуы кезінде – Қазақстан Республикасында тұратын екінші ата-анасының нотариат куәландырған келісімі. Келісімі болмаған кезде кәмелетке толмаған баланың шығуы сот тәртібімен шешілуі мүмкін; 14) «Р7» санатындағы визаларды (форс-мажорлы жағдайларға байланысты визаның жарамдылық мерзімі немесе визасыз болуға рұқсат етілген мерзім аяқталғанға дейін шықпаған шетелдіктерге) беру үшін форс-мажорлық жағдайлардың басталғанын, пойыздың жүруін немесе өзге де көлік құралының кешігуін немесе рейстің тоқтатылуын растайтын қосымша құжаттар ұсынылады; 15) «Р8» санатындағы визаларды (Қазақстан Республикасының аумағында ауыр немесе өте ауыр қылмыстар жасаған шетелдіктерге қатысты) беру үшін қылмыстық қудалау органы берген өтінішті тіркеу туралы хабарлама-талоны қосымша ұсынылады. «Р8» санатындағы визаларды ұзарту үшін алдын ала тергеуді жүзеге асыратын органның не қылмыстық іс қаралып жатқан соттың жазбаша өтініші ұсынылады. 16) «Р2», «Р3», «Р4», «Р5» санаттарындағы визалар шетелдіктің Қазақстан Республикасында одан әрі болуы үшін негіздердің жоқ екендігі туралы ішкі істер органдары қорытындысының негізінде беріледі. Бұл ретте осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген құжат талап етілмейді; 17) «Р6» санатындағы визалар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өтініштері негізінде беріледі. Бұл ретте осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген құжат талап етілмейді. Барлық құжаттар қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. 10. Шығу визаларын беру бойынша көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: 1) егер оны қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін негіздер болса – іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейін; 2) егер ол қылмыс жасағаны үшін сотталса – жазасын өтегенге дейін немесе жазадан босатылғанға дейін; 3) егер ол соттың оған жүктеген міндеттемелерін орындаудан жалтарса – міндеттемелер орындалғанға дейін. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 11. Көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 1, телефон: 8 (7172) 71-40-33, 71-40-03. Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма қол қабылданады. Қабылданған шағым ішкі істер органдарының жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат күні мен уақыты, өтінішті/шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушының шағымында: жеке тұлға – оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы; заңды тұлға – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта бойынша жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма қол беріледі. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады. 12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар 13. Денсаулық жағдайына байланысты көрсетілетін қызметті берушіге жеке өзі келуіне мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдау және Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге шығу үшін құжаттар беру көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне барып жүргізіледі. 14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің mvd.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады. 15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алуға мүмкіндігі бар. 16. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша, Министрліктің mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушілердің телефондары бойынша не Министрліктің 8 (7172) 71-56-08, 71-44-98 телефондары бойынша алуға болады. «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша Азаматтарға «J3» санатындағы визаларды ішкі істер органдары беретін мемлекеттер тізімі 1) Австралия 2) Австрия Республикасы 3) Америка Құрама Штаттары 4) Бельгия Корольдігі 5) Біріккен Араб Әмірліктері 6) Болгария Республикасы 7) Бразилия Федеративтік Республикасы 8) Германия Федеративтік Республикасы 9) Грек Республикасы 10) Дания Корольдігі 11) Жаңа Зеландия 12) Жапония 13) Израиль Мемлекеті 14) Иордан Хашимит Корольдігі 15) Ирландия Республикасы 16) Исландия Республикасы 17) Испания Корольдігі 18) Италия Республикасы 19) Канада 20) Катар Мемлекеті 21) Кипр Республикасы 22) Корея Республикасы 23) Латвия Республикасы 24) Литва Республикасы 25) Лихтенштейн Князьдігі 26) Люксембург Ұлы Герцогтігі 27) Венгрия Республикасы 28) Малайзия Федерациясы 29) Мальта Республикасы 30) Монако Князьдігі 31) Нидерланды Корольдігі 32) Норвегия Корольдігі 33) Оман Сұлтандығы 34) Польша Республикасы 35) Португалия Республикасы 36) Румыния 37) Сауд Арабиясы Корольдігі 38) Сингапур Республикасы 39) Словак Республикасы 40) Словения Республикасы 41) Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі 42) Финляндия Республикасы 43) Француз Республикасы 44) Хорватия Республикасы 45) Чех Республикасы 46) Швейцария Конфедерациясы 47) Швеция Корольдігі 48) Эстон Республикасы «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау туралы қолхат Осы қолхат______________________________________ (Т.А.Ә. көрсетілсін) берілді және «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен бекітілген тізбеге сәйкес ______________ санатындағы визаны беру/ұзарту үшін құжаттар қабылдағанын растайды. Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды. Орындаушы: Т.А.Ә. _____________________ Телефоны ___________________ Алдым: Т.А.Ә. ____________ көрсетілетін қызметті алушының қолы 20 ___ жылғы «_____»__________