• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Экология 01 Мамыр, 2022

Бүгін еліміздің бірнеше қаласында ауа ластануы мүмкін – Қазгидромет

293 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстанның үш қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК берген мәліметке сүйеніп. 

 

«2022 жылғы 1 мамырда Алматы, Балқаш және Жезқазған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», делінген хабарламада.

Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.