• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Сәуір, 2014

Салық межесі – 1,5 триллион теңге

249 рет
көрсетілді

Алматы қаласының салық қызметі үстіміздегі жылдың бірінші тоқсандық есебін пысықтады. Жинақталған дерекке сай, жыл басынан бері қала қазанына түскен 295,2 миллиард теңгенің 249,2 миллиарды салық қызметінің үлесіне тиесілі. Қала әкімі Ахметжан Есімов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша елдегі шағын және орта бизнесті қолдау үшін және несиелеу мақсатында банк жүйесін дамыту, сондай-ақ, үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын ілгері бастыру үшін  Ұлттық банктен қаржы бөлінетінін айта келіп, Алматы қаласының қаржылық әлеуетіне тоқталып өтті. «Алматы қаласы іскерлік пен кәсіпкерліктің қайнаған көзі ретінде мемлекет тарапынан қарастырылған қаржының белгілі бір бөлшегі келешекте біздің қаламызға бөлінетінін ескерген жөн. Сондықтан да, Ұлттық қордан қарастырылып отырған қаражат ел экономикасына қызмет етіп, жаңа жұмыс орындарын ашу мен салықты уақытылы төлеу арқылы мемлекеттің қазанына орнымен қайтарылуы тиіс. Алматы қаласы бойынша салық қызметінің алдына қойылған меже – 1,5 триллион теңге, діттеген уақытта орындалуы керек»,  деді қала әкімі А.Есімов. Қала экономикасын дамыту тәсілдерін тілге тиек еткен қала басшысы салық қызметінің сапасын арттыруға назар аудартты. Оның айтуынша, қаладағы пәтерін жалға берушілер мен базарларда сауда жасаушылар, көшелердегі жарнама тақтайшалары мен ТМД елдерінен келетін жұмыс күшін заңдастыруға және салық төлеуге жұмылдыру керек. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.